Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қала тынысы / Алматының Алмалы ауданында күн сайын 1000 қызметке...

Алматының Алмалы ауданында күн сайын 1000 қызметкер жұмыс істеп, 861 аула мен 186 шақырым жол тазаланады

Қала тынысы Бүгін 11:32 30
Алматының Алмалы ауданында күн сайын 1000 қызметкер жұмыс істеп, 861 аула мен 186 шақырым жол тазаланады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматының Алмалы ауданында күн сайын 1000 қызметкер жұмыс істеп, 861 аула мен 186 шақырым жол тазаланады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алмалы ауданында 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы шығарды. Аудан әкімі Арман Шәмшин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында осы туралы баяндады. Тазалықты сақтау, қолайлы қалалық ортаны дамыту, көгалдандыру мен тұрғындар қатысатын жобаларды жүзеге асыру аудандағы негізгі бағыттың бірі болып қалған.

«Біз қала күнде ұқыпты болып көрінуі үшін жүйелі жұмысты қолға алдық. Осы іске жүздеген адам мен қаншама күш жұмылдырылды. Бұл қала тұрғындарының өмір сапасына әсер ететін үлкен еңбек», — деді Шәмшин.

Ауданда күн сайынғы тазалық жұмысын шамамен 1000 жұмысшы мен 230-дан астам арнаулы техника қамтамасыз етеді. Олар 190 шақырымға жуық жолды, 850-ден астам ауланы, ондаған алаңқайды, аллеялар мен жасыл аймақтарды күтіп ұстайды. Тұрғындардың өтінішіне жедел әрекет ету үшін тәулік бойы үш жедел топ жұмыс істейді. Жалпы ауданда ұзындығы 186,6 шақырым болатын 110 көше, 861 аула, 22 алаңқай, бір саябақ, бес бульвар мен 20 жасыл аймақ бар. Сегіз мердігер ұйым істейді бұл жұмысты.

Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында үш ірі акция өткізіліп, нәтижесінде 400 текше метрден астам қалдық шығарылды. Тазалық жұмысына тұрғындар, бизнес өкілдері, депутаттар, еріктілер мен коммуналдық қызметтер де белсене қатысты. Сонымен қатар білім беретін мекемелер мен денсаулық сақтау мекемелері де атсалысып, апта сайынғы сенбіліктер қала тұрғындары тарапынан кең қолдау тапты.

«Біз тұрғындардың өздері бірігіп, ауласын тазалауға шығатынын, кәсіпкерлердің іргелес аумақтарға бақылауға алатынын көріп отырмыз. Бұл енді әкімдіктің бастамасы болудан қалып, халықтық қозғалысқа айналды. Адамдар өз ауданын шын сүйіп, оны жақсартуға ұмтылады. Осындай белсенділік — біздің басты ресурсымыз», — деп атап өтті аудан әкімі.

Қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген. Өткен жылы кәсіпкерлермен 1200-ден астам абаттандыру паспортына қол қойылып, бұл тәжірибе жалғасын табады. Бизнес өкілдері көгалдандыру мен іргелес аумақтарды күтіп ұстауға, оның ішінде гүлзарлар мен бұталар отырғызуға белсене қатысып жатыр.

2026 жылы бірқатар жобаларды іске асыру жоспарланған. Олардың қатарында Мүсірепов атындағы ТЮЗ алдындағы алаңқайды күрделі жөндеу, Гагарин даңғылы бойындағы бульварды абаттандыру мен жаяу жүргінші инфрақұрылымын дамыту, соның ішінде Қарасай батыр көшесіндегі аллеяны жаңарту бар. Жұмыс мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталғаннан кейін мамыр–маусым айында басталады.

Көгалдандыру аясында қазірдің өзінде сегіз негізгі көше бойына 69 мыңнан астам бұта егіліп, ауданның әр жеріне 30 ағаш егілді. Күзде қосымша 140 ірі ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Жылдық жоспар 34,2 мың ағаш болса, бүгінгі күнге дейін 6700-ден астам шіріген ағаш кесілген.

«Алмалы ауданы қаладағы ең жасыл-желегі көп ауданның бірі саналады. Біздің міндет — осы мәртебені сақтап қана қоймай, оны одан әрі арттыру. Көгалдандыру — бір реттік шара емес, жүйелі жұмыс», — дейді әкім.

Сонымен қатар «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында тұрғындар өздері абаттандыру жобаларын ұсынып, таңдайды. 2026 жылы 19 жоба іске асырылады: оның 11-і аула жөндеуге, ал сегізі қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға бағытталған.

Бұдан бөлек, 34 ауланы жаңарту жоспарланған. Мұндай жұмыстар шағын сәулеттік нысандарды ауыстырудан бастап, спорт алаңдарын жаңартуға дейінгі тұрғындардың нақты сұранысына жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Нысандар тізімін тұрғындардың өтінішін ескеріп, көшпелі тексеру кезінде қалыптастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алмалы ауданы #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда кенеге қарсы күрес жүріп жатыр: мамандар осы жолы 2,3 мың гектар жерді дәрілеп шықпақшы

Бүгін 12:33

Қазақстанда құстың 20 жаңа түрі табылды

Бүгін 12:18

Алматы қаласының Алмалы ауданында 60 тұрғын үйдің қасбеті жаңарады

Бүгін 12:15

Марқұм Нұрай Серікбайдың ісі: күдікті психикалық емдеу орталығына жатқызылған

Бүгін 12:13

Қазақстанда кейбір кітаптарды сақтағандар жауапқа тартылмақ

Бүгін 12:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика