Алматының Алатау ауданында тағы бір дәрігерлік амбулатория ашылады

Алматының Алатау ауданында тағы бір дәрігерлік амбулатория ашылады aqshamnews.kz

Алматыдағы Саялы шағын ауданында 2025 жылдың соңына қарай ауысымда 200 адам қабылдайтын МСАК орталығының құрылысы аяқталады
 
Алматының Алатау ауданында ағымдағы жылдың соңына дейін тағы бір амбулаторияның құрылысы аяқталады. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді. 
 
Осы жылдың наурыз айында Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша және жергілікті тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының (МСАК) жаңа ғимараты ашылды. Қазіргі заманғы медициналық мекеме Қарасу және Өжет шағын аудандарының тұрғындары үшін қол жетімді жерде орналасқан.

Жаңа бес қабатты МСАК орталығы №25 қалалық емхананың филиалы болып табылады және жақын маңдағы шағын аудандардың 18 мың тұрғынына қызмет көрсетуге есептелген. Орталықтың жобалық қуаты бір ауысымда 200 келушіні құрайды. 

Бұған дейін Қарасу шағын ауданының тұрғындары №21 емхана филиалының ескі ғимаратында медициналық көмек алған, онда амбулатория небәрі 160 шаршы метр аумақта орналасқан. Жаңа орталықтың ашылуы аудан тұрғындарына қолайлы жағдайда сапалы және уақтылы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.
 
«Қараша айында Саялы шағын ауданында 200 адам қабылдайтын тағы бір амбулаторияның құрылысы аяқталады деп күтілуде», - деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ, тамыз айында мемлекеттік сараптама қорытындысын ала отырып, Алатау ауданында 300 төсектік көпбейінді аурухана мен 200 төсектік перинаталдық орталық, Дарабоз шағын ауданының құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сондай-ақ, 200 төсектік көпбейінді балалар ауруханасын салу жоспарлануда.

Айта кетейік, өткен жылы Алматыда үш отбасылық-дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді: Нұршашқан шағын ауданында (ауысымына 100 келушіге), Мамыр шағын ауданында (200 келушіге) және Кемел шағын ауданында (ауысымына 200 келушіге), сондай-ақ Жұмысшы кентінде 300 келушіге арналған емхана және  Балаларға шұғыл медициналық көмек орталығының жаңа қабылдау бөлімі ашылды.

Бүгінде Саялы шағын ауданында МСАК орталығының, Айбасов көшесінде МСАК орталығының және №4 жедел жәрдем қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде.
 
Сондай-ақ, №4 Қалалық клиникалық аурухананы, Бостандық ауданында клиникалық-диагностикалық орталығы (КДО) бар 500 келушіге арналған емхананы қайта жаңарту бойынша ҚМЖ басталды, Түрксіб ауданында КДО-мен 500 келушіге арналған емхана құрылысының жобаларына, ескі корпусты бұзуға және Алмалы ауданында перзентхананың жаңа корпусын салуға оң сараптама берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:15

13:12

13:02

12:56

12:47

12:45

12:43

12:41

12:39

12:36

12:33

12:31

12:28

12:25

12:23

12:21

12:19

12:16

12:09

12:08

12:06

12:01

11:57

11:54

10:55