AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Алатау ауданында жаңадан сегіз мектеп аш...

Алматының Алатау ауданында жаңадан сегіз мектеп ашылады

Әлеумет 24.06.2025, 16:58 1,333
Алматының Алатау ауданында жаңадан сегіз мектеп ашылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алатау ауданы – қаладағы ең жылдам дамып келе жатқан ауданның бірі. Қазір мұнда құрылыс қарқыны еселеп өскен. Әсіресе салынып жатқан мектептің көптігі бірден көзге түседі. Өңірлік коммуникациялар орталығында Алатау ауданының әкімі Талғат Малыбаев осылай деді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қазір аудандағы 31 мемлекеттік, 12 жеке меншік мектепте 61 095 оқушы білім алып жатыр. Олардың 57 814-і мемлекеттік мектепке, 3 281-і жеке меншік мектепке барыпты. Дегенмен, тұрғындардың саны өскендіктен мектепке сұраныс артып, биыл шамамен 6 мың орын жетіңкіремей тұрғанын айтады. Алатау ауданы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында осы мәселені шешіп, енді 13 250 оқушыға арналған сегіз мектеп салмақ. 

Самғау, Теректі, Қарасу аудандарында екі мың орындық үш мектеп салынып бітті. Ақбұлақ ықшамауданында 1500 орындық тағы бір мектеп бітуге шақ тұр. Алдағы қыркүйекте Айгерім ықшамауданында екі мың орындық жаңа білім ордасы пайдалануға берілмек. Алғабас пен Ғажайып ықшамауданында да екі мектептің құрылысы басталған, оларды 2026 жылы қолданысқа бермек болып отыр. Бұдан бөлек, Зерделі ықшамауданында да 2026 жылы ашылатын 550 орындық екі мектеп тағы салынып жатыр. 

Білім беретін мекемелерден бөлек, кәсіби және қосымша білім беруге де көңіл бөліп отыр әкімдік. Мәселен, Алғабас ауданында 720 орындық Инновациялық техникалық колледж салына бастады. 7,4 млрд теңге кететін бұл жаңа нысанға 2026 жылдың қаңтар айында кіре бастамақ. Саялы ықшамауданында Инновациялық шығармашылық орталық ірге көтереді. Бұл нысан келер жылы қолданысқа беріліп, балалар мен жасөспірімдерді қосымша оқытатын үлкен орталыққа айналады,- деді Талғат Малыбаев. 

Осылайша, Алатау ауданы балалардың жағдайын жасап, оларға сапалы техникалық білім беруі бағытында өнімді жұмыс істеп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алатау #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада Қазақстанның атом саласының ардагерлері мен мамандарына құрмет көрсетілді

Бүгін 10:25

Алматы жастары қалдықтарға екінші өмір сыйлайды: қалада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр

Кеше 20:03

Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен 33 жыл ішінде $8 млрд-тан астам сомаға елуден астам жобаны жүзеге асырды

Кеше 19:30

Қазақстанда өңделген сүт өндірісі артты

Кеше 18:45

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-ші маусымның ашылуына орай «Мұра» open-air гала-концертін ұсынады

Кеше 17:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);