AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҚазҰУ алаңында адами капиталдың даму перспективала...

ҚазҰУ алаңында адами капиталдың даму перспективалары сараланды

Білім және ғылым Бүгін 10:41 56
ҚазҰУ алаңында адами капиталдың даму перспективалары сараланды
ҚазҰУ баспасөз қызметі

Соңғы бес жылда елімізде ғылымды қаржыландыру көлемі алты еседен астам өсті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде III халықаралық жас ғалымдар конгресі аясында «Әлеуметтік жаңғыру және адами капитал: қазіргі сын-қатерлер мен даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Басқосуға АҚШ-тың Джонс Хопкинс және Дюкейн университеттерінің, Ресейдің жетекші ғылыми орталықтары мен отандық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Шараның ашылуында ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау хаты оқылды. Министрлік дерегінше, соңғы бес жылда елімізде ғылымды қаржыландыру көлемі алты еседен астам өсіп, зерттеушілер саны 28 мыңнан асқан, олардың 47 пайызын жас ғалымдар құрайды.

Конференцияда сөз сөйлеген ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев конгрестің халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтатын бірегей алаңға айналғанын атап өтті.

«Биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған конгресс – жас зерттеушілердің басын қосып, халықаралық ғылыми әріптестікті бекемдеуге мүмкіндік беретін бірегей алаң. Біздің басты мақсатымыз – ел болашағы үшін өзекті әлеуметтік мәселелерді талқылап, оларды шешудің нақты ғылыми жолдарын ұсыну. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында айқындалған әлеуметтік саясатты жаңғырту мен халықтың әл-ауқатын арттыру міндеттерін іске асыруда университет өзінің барлық ғылыми және инновациялық әлеуетін жұмылдырып келеді», – деді ректор.

Оқу орнының басшысы университет ғалымдарының соңғы жетістіктеріне де тоқталды. 2025 жылы ҚазҰУ зерттеушілері Мемлекеттік ғылыми сыйлыққа, алты мемлекеттік ғылыми стипендияға және жеті «Үздік ғылыми қызметкер» атағына ие болса, 2024-2026 жылдары 23 жас ғалымға Мемлекет басшысының атынан баспана берілген. Сонымен қатар университет Энергетика және Су ресурстары министрліктерімен бірлесіп, жасанды интеллект енгізу және су тасқыны мен құрғақшылықты болжайтын TALSIM-NG, Delft-FEWS жүйелерін Farabi Supercomputer Center базасында іске қосу жобаларын қолға алған.

Пленарлық отырыста ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, Дюкейн университетінің доценті Фаина Линьков, «Сириус» федералдық аумағы әкімшілігінің басшысы Дмитрий Плишкин және өзге де шетелдік сарапшылар пікір білдіріп, баяндама жасады. Онда жоғары білім берудегі жасанды интеллектінің рөлі, ғылыми деректерді цифрландыру, зерттеу экожүйесін дамыту және дарынды жастарды қолдау мәселелері жан-жақты талқыланды.

Конгресс аясында шетелдік және отандық делегаттар ҚазҰУ-дың инновациялық инфрақұрылымымен танысып, Farabi Supercomputer Center, Ми институты, Қазақстан-Қытай қашықтан зондтау зертханасы, Farabi Hub және Huibo Robotics пен KUKA Robotics орталықтарының жұмысын көрді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Жапонияның әскери дәрігерлері ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады

Бүгін 11:39

Арман Қырықбаев шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен және жастармен кездесті

Бүгін 11:21

Президент ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Бүгін 10:03

Алматыда екі жыл бойы діни насихат жүргізген радикал ұсталды

Бүгін 09:00

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Кеше 21:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);