Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Алатау ауданында 270 км сумен жабдықтау...

Алматының Алатау ауданында 270 км сумен жабдықтау және су бұру желілері салынады

Әлеумет 24.04.2025, 10:36 803
Алматының Алатау ауданында 270 км сумен жабдықтау және су бұру желілері салынады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыдағы Алатау ауданының бірқатар шағын аудандарының 23 мың тұрғыны осы жылдың соңына дейін сумен қамтамасыз етіледі

Алматының Алатау ауданын сапалы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін желілерді қайта құру және жаңа салу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді. 

Өздеріңіз білетіндей, қосылған шағын аудандардың (Алғабас, Теректі, Мәдениет және Боралдай) тұрғындары орталық инженерлік желілердің болмауына байланысты ұзақ жылдар бойы септиктер мен ауыз суға арналған жеке ұңғымаларды пайдаланған.

Аудан тұрғындарын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 2024 жылы Алғабас және Саялы шағын аудандарында 48,6 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін, сондай-ақ Өжет  ш/а 1-ші кәріз сорғы станциясын (КСС) салу жұмыстары аяқталды.  Нәтижесінде ауданның 5 мыңнан астам тұрғыны орталық ауыз сумен және кәрізбен қамтамасыз етілген. 

2025 жылғы желтоқсанда Боралдай, Ақбұлақ, Шапағат, Болашақ, Рахат-Мәдениет, Әйгерім шағын аудандарының 23 мың тұрғыны үшін 270 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу бойынша жұмыстар аяқталады деп күтілуде.

Айта кетейік, қалада инженерлік желілерді жаңғырту және реконструкциялау бойынша кешенді шаралар белсенді қабылдануда. Осылайша, бұл 2025 жылы сумен жабдықтау желілерінің тозуын 52,9% – ға, су бұру желілерінің тозуын 53,9% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алатау #Ауызсу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының JOLDA театры Германиядағы халықаралық фестивальге қатысты

Бүгін 17:27

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстаннан кімдер бақ сынайды?

Бүгін 17:14

БҚО-да оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Бүгін 16:54

Ұлттық өнердің ұлағатты жолын жалғаған жыршы

Бүгін 16:34

Марал Анарбекқызы: арманнан туған өнер

Бүгін 16:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика