Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматының 13 университеті Азияның үздік жоғары оқу...

Алматының 13 университеті Азияның үздік жоғары оқу орындарының рейтингіне енді

Білім және ғылым 07.11.2024, 17:15 1,247
Алматының 13 университеті Азияның үздік жоғары оқу орындарының рейтингіне енді
Сурет: freepik

QS Asia University Rankings 2025 рейтингіне Қазақстанның 35 жоғары оқу орны кірді, оның 13-і Алматыдан.

QS агенттігінің өкілдерінің айтуынша, Қазақстан жоғары оқу орындары жақсы серпін көрсетіп, өткен жылмен салыстырғанда 60 пайыздан астам көрсеткішке жақсартқан.

Мысалы, 22 қазақстандық жоғары оқу орны өз позициясын жоғарылатты, үш ЖОО өз позициясын сақтап қалды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті рейтингтің алғашқы 100-іне енді. Сондай-ақ, Satbayev University 89-шы орынды иеленіп, ТОП-100 қатарына кірді.

Бір жылдық үзілістен кейін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті рейтингке қайта оралып, 801-850 санатына енді.

Айта кетейік, Азияның үздік жоғары оқу орындарының рейтингіне 25 ел мен аумақтан 985 жоғары оқу орны қатысты. Қазақстандық жоғары оқу орындары үшін ең үлкен бәсекелестік Үндістан, Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындары болды. 

Бұл рейтингті әлемдегі ең беделді агенттіктердің бірі QS Quacquarelli Symonds әзірлейді, ол университеттерді академиялық бедел, жұмыс берушілердің беделі, оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы, ғылыми жарияланымдар және халықаралық зерттеулерге қатысу сияқты критерийлер бойынша бағалайды.

Алматының 13 университеті мен олардың QS Asia University Rankings 2025 рейтингіндегі орындары:

1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 29-орын.
 2. Satbayev University – 89-орын.
 3. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – 131-орын.
 4. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті – 149-орын.
 5. Қазақстан-Британ техникалық университеті – 230-орын.
 6. КИМЭП университеті – 269-орын.
 7. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті – 305-орын.
 8. Narxoz University – 345-орын.
 9. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – 345-орын.
 10. Алматы технологиялық университеті – 354-орын.
 11. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті – 751-800-орын.
 12. «Тұран» университеті – 751-800-орын.
 13. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – 801-850-орын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Rankings 2025 #Оқу орны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика