Алматыны газдандыру артады

Алматыны газдандыру артады Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Ақылбай САПАРОВ, «QazaqGaz Aimaq»  АҚ  Алматы өндірістік филиалының директоры:

2023 жылы Алматыда ҚҚС-сыз 447 млн ​​теңгеге 22 нысанды газдандыру жұмысы жүргізілді. Жалпы ұзындығы 21 км газ құбыры салынды («Шұғыла», «Маяк», «Шаңырақ», «Қарасу», «Рахат-Мәдениет», «Алтын бесік», «Көлсай», «Алатау», «Жас қанат», «Первомайка» шағынаудандары мен «Алма», «Уют», т.б. бау-бақша серіктестіктері). Газдандырудың басты себебі – Алатау, Түрксіб, Медеу мен Алматының басқа да аудандарында құрылыстың жоғары қарқынына байланысты «ақ дақтар» деп аталатын жерлердің пайда болуы. Жаңадан салынған газ құбырларының жалпы ұзындығы 21 шақырымды құрады. 500-ге жуық тұрғын үйге газ тарату құбырларына қосылу мүмкіндігі қарастырылған.

Газды газ тарату құбырларына бастапқы жіберу жеке тұрғын үйлер дайын болған кезде жүзеге асырылады. Демек, жобасы бар тұрғын үйлер, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қабылдау шаралары жүргізілді. Осылайша  Алматы қаласын газдандырудың жалпы деңгейі 99,2%-дан 99,3%-ға дейін артады. Былтыр Алматы қаласында (Түрксіб, Жетісу, Медеу, Алмалы, Бостандық, Наурызбай, Алатау, Әуезов аудандары) газ құбырларын қайта құруда жалпы ұзындығы – 26,9 км орта және төмен қысымды желілердің газ тарату құбырларының қайта жаңарту жұмыстары аяқталды.

Жерасты газ құбырларының учаскелерін ауыстыру және реконструкциялау бойынша шаралар жерасты газ құбырларын одан әрі пайдалану мерзімін ұзартуы мүмкін. Жоғарыда аталған нысан үшін пайдалану мерзімін ұлғайтумен қатар, өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік беретін газ құбырының диаметрін ұлғайту жоспарлануда. Сондай-ақ, қолданыстағы тұтынушыларға тұрақты газ қысымын қамтамасыз етілді. Осы объектілер  қызмет көрсету аймағындағы абоненттер үздіксіз және қауіпсіз газбен жабдықталды. 

ШГРП реконструкциялау – ШГРП жабдығы 10 бірлік көлемінде анағұрлым жаңартылған жабдықтарға ауыстырылды. Мұның негізгі әсері қолданыстағы тұтынушыларды газбен жабдықтау жүйесіндегі қажетті газ қысымымен қамтамасыз ету және қосымша тұтынушыларды қосуды да қамтамасыз ете алатын газ реттеу қондырғыларының қуатын арттыру. 16 EX станциясы орнатылды. Бұл шаралар жерасты құбырларын қорғау үшiн жүргiзiлдi. Металл газ құбырлары мен олардың оқшаулағыш жабынын сақтауға үлес қосады. Бұл жағдай жерасты газ құбырларының пайдалану  мерзiмiн арттыруга мүмкіндік береді. Биылғы жоспарда орта және төмен қысымды желілердің газ тарату құбырлары 31,7 км қайта құрылады.  ШГРП қайта құру – 11 бірлік, ЭСҚ қайта құру – 13 бірлік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:50

20:42

17:46

16:37

15:41

14:42

14:35

12:30

12:19

20:53

19:10

17:33

17:12

16:57

16:53

16:36

16:20

16:10

15:44

15:41

15:30

15:16

15:02

14:16

14:11