AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылықтарға жаппай декларациялауға кезең-кезеңм...

Алматылықтарға жаппай декларациялауға кезең-кезеңмен көшу туралы айтылды

Әлеумет 28.12.2021, 07:48 1,232
Алматылықтарға жаппай декларациялауға кезең-кезеңмен көшу туралы айтылды
Сурет: Ratel.kz

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялауға көшу басталды.


Қазақстандықтарды жалпыға бірдей декларациялауға 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшу қажет. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Орынкүл Қазиева айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  


Жалпыға бірдей декларациялауға көшу басталды – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияларды мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынады. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары декларацияланатын болады. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары үшін декларациялау енгізіледі. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – азаматтардың қалған санаттары үшін.


Декларациялау рәсімі барынша жеңілдетілген. Жылжымайтын мүлік, әуе және теңіз кемелері, суда жүзетін кемелер туралы, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген көлік құралдары, арнайы техника және тіркемелер туралы, Қазақстан Республикасындағы банк шоттарындағы ақша туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне берешек туралы мәліметтерді көрсету міндеті алып тасталынды.


Мұндай мүлік туралы мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарында бар, сондықтан жеке тұлғаларға бұл мәліметтерді толтыру ауыртпалық түсірмейді.


Декларацияда ҚР шегінен тыс мүлік болған жағдайда – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлес көрсетіледі. ҚР шегінен тыс құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, инвестициялық алтын, авторлық құқық, зияткерлік меншік объектілері – осының бәрін Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де көрсету қажет. 10 мың АЕК мөлшеріндегі шектен аспайтын қолма-қол ақша, дебиторлық және кредиторлық берешек көрсетіледі, оны нотариат куәландыруға тиіс.



Декларациялар бүгін қағаз тасығышта 15 шілдеден кешіктірмей, ал электрондық түрде 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсырылады. Қағаз тасығышта декларациялар Мемлекеттік кірістер органдарына немесе ХҚКО-ға келу тәртібімен ұсынылады. Декларацияны электронды түрде салық төлеушінің кабинеті арқылы ұсынуға болады (cabinet.salyk.kz), «электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы.



Бұдан басқа, декларацияны ұсына отырып, жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы міндетті емес, өйткені бір реттік SMS-құпиясөз арқылы есептілікке қол қою мүмкіндігі іске асырылған.


Бүгінде декларацияларды берудің ең танымал тәсілі e-Sally Azamat мобильдік қосымшасы болып табылады, оның көмегімен ҚР бойынша мәліметтердің 52% ұсынылған. «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы – 42%, «электрондық үкімет» порталы арқылы – 6% ұсынылды.


Жалпыға бірдей декларациялау ережелерін түсіндіру үшін «1414» бірыңғай республикалық нөмір платформасында салық және кеден мәселелері бойынша байланыс орталығы іске қосылды. Сонымен қатар, толық ақпаратты kgd.gov.kz ресми сайтындағы «жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінен алуға болады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#декларация #мемлекет #санат #шот #азамат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);