Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылықтарға 78 млрд теңгеге медициналық көмек к...

Алматылықтарға 78 млрд теңгеге медициналық көмек көрсетілді

Медицина 28.09.2022, 05:11 1,605
Алматылықтарға 78 млрд теңгеге медициналық көмек көрсетілді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

2022 жылдың 7 айында МӘМС пакеті арқылы көрсетілген қызметтер үшін 78 млрд теңгеге жуық қаржы төленді.


Бұл туралы бүгінгі брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Айтуынша, қаңтар-шілде аралығында төленген қаржының басым бөлігі – 40,6 млрд теңгесі стационарлық деңгейдегі медициналық көмекке, тағы 3,2 млрд теңгесі күндізгі стационар қызметіне жұмсалған.



«7 айдың нәтижесіне қарап, халыққа көрсетіліп жатқан медициналық көмек көлемінің едәуір артқанын байқауға болады. Мәселен, бұған дейін көпшіліктің қалтасы көтере бермейтін қымбат анализдер, диагностика мен операция түрлері қазір медициналық сақтандыру есебінен көрсетіліп жатыр», – деді Тілеухан Әбілдаев.



Төленген қаржының 15,9 млрд теңгесі консультативтік-диагностикалық қызметтерге тиесілі. Консультативтік-диагностикалық қызметтер ішінде әсіресе, КТ мен МРТ-ға деген сұраныс жоғары. Жеті айда Алматы қаласында 996,8 млн теңгеге 62 мыңнан астам компьютерлік томография, 744,2 млн теңгеге 50 мыңнан астам магниттік-резонанстық томография жасалған. Сонымен қатар, қала бойынша онкологиялық ісікті анықтау мақсатында жасалатын 2793 ПЭТ-диагностика қызметі көрсетілген. Оған 750,1 млн теңге төленді.



«Соңғы жылдары экстракорпоральды ұрықтандыру қызметінің де жұртшылық үшін маңызы жоғары болып отырғаны рас. Қымбат қызмет түріне жататын ЭКО процедурасы 2020 жылдан бастап МӘМС пакетіне еніп, қарапайым жұртшылық үшін қолжетімді бола бастады. 2022 жылы ЭКО бағдарламаларына 3,2 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұған барлығы 3152 ЭКО жасалуы тиіс. Өткен 7 айда Алматыда 1639 ЭКО жасалып, оған 1,7 млрд теңге төленді. Биыл оңтүстік астана бойынша аталған бағдарламаға 8 клиника қатысып жатыр», - деп қосты филиал басшысы. 



Айтуынша, қазіргі таңда сақтандырылған азаматтар бағасы қымбат қызмет түрлерін қарқынды пайдаланып жүр. Соның бірі – медициналық реабилитация. 2022 жылы көрсетілген реабилитация қызметіне 4,7 млрд жұмсалды. Салыстырар болсақ, 2019 жылы оңалту қызметіне бар-жоғы 0,6 млрд теңге жұмсалған, ал 2022 жылы оған 7,5 млрд теңге қарастырылып отыр. 



«Оған қоса, 2020 жылдан бастап халықтың жекелеген санаттары үшін жоспарлы стоматологиялық көмек те қолжетімді бола бастады. Мысалы, 7 айда МӘМС шеңберінде 717 мыңнан астам стоматологиялық қызмет көрсетілген, оған 1,8 млрд теңге төленді. Қазіргі таңда Алматыда МӘМС шеңберіндегі стоматологиялық көмекті 46 клиника көрсетеді», - деді Тілеухан Әбілдаев.



Естеріңізге сала кетсек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы жүкті әйелдер мен 18 жасқа дейінгі балаларға стоматологиялық көмек тегін көрсетіледі. Олардың арасында тісті жансыздандыру, химиялық пломба салу, терапевтің қабылдауы, пульпит пен перидонтитті емдеу, флюороз, гипоплазия кезінде тістің анатомиялық пішінін толық қалпына келтіру, тісті хирургиялық жолмен жұлу, т.б. қызметтер кіреді. Ал, шұғыл стоматологиялық көмек кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған санаттарына ғана көрсетіледі.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#МӘМС #Алматы #стационар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ағайынды Кенжеғұловтар Аустрия Кубогында топ жарды

Бүгін 12:29

Тәртіп пен тәрбие басты назарда: Қорғаныс министрінің орынбасары Гвардейск гарнизонында тәрбие жұмысының басым бағыттарын айқындады

Бүгін 12:22

Алматыда заң жағынан тегін көмек ұсынатын жоба іске қосылады

Бүгін 12:20

Алматыдағы Бостандық ауданы жолды жөндеп, инфрақұрылымды жаңғыртып жатыр

Бүгін 12:17

Алматының Бостандық ауданында 68 аула мен 67 үйдің қасбеті жаңарады

Бүгін 12:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика