AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылықтардың ақшалай кірістерін жыл сайын артты...

Алматылықтардың ақшалай кірістерін жыл сайын арттырып отыру керек - Әлихан Смайылов

Әлеумет 11.03.2023, 12:24 1,113 Аlmaty-akshamy.kz
Алматылықтардың ақшалай кірістерін жыл сайын арттырып отыру керек - Әлихан Смайылов

Алматы соңғы 10 жылда жалақының өсу қарқыны республикалық орташа деңгейден төмендеген.


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Алматыға жұмыс сапары барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Үкіметтің телеграм каналына сілтеме жасап.


Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, жалақының өсу қарқыны бойынша Алматы соңғы 10 жылда республикалық орташа деңгейден төмен болып келеді.



«Алматылықтардың нақты ақшалай кірістерінің жыл сайынғы өсуін қамтамасыз ету қажет. Бұл – кешенді жұмыс. Ең алдымен, жалақысы жоғары жаңа жұмыс орындарын құруға және инвестициялар тартудың жоғары қарқынын сақтап қалуға көңіл бөлу керек», — деді Әлихан Смайылов.



Оның айтуынша, халықтың табысын арттыру жұмыстары инфляцияны тежеу шараларын жүзеге асырумен тікелей байланысты. Сондықтан жергілікті алыпсатарлардың әрекеті тек қалада ғана емес, бүкіл республика бойынша азық-түлік пен басқа да тауарлардың құнына әсер ететіндіктен, базарлардағы, оның ішінде «Алтын Ордадағы» баға белгілеуді жіті қадағалау қажет.


Премьер-Министр сонымен қатар бәсекелестікті дамыту үшін Алматы агломерациясының шығыс және солтүстік бөліктерінде қосымша сауда алаңдарын құру мәселесін пысықтау, сондай-ақ делдалдық схемаларды анықтау бойынша өңірлік комиссияның тиімді жұмысын қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жалақы #табыс #кірістер #ҚР Үкіметі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);