AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматылықтарды сан соқтырып кеткен алаяқ ұсталды

Алматылықтарды сан соқтырып кеткен алаяқ ұсталды

Заң мен тəртіп 28.10.2021, 10:29 1,042
Алматылықтарды сан соқтырып кеткен алаяқ ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Қала тұрғындарын 30 млн теңгеге алдап соққан алаяқ құрыққа түсті


Алмалы ауданының полиция қызметкерлері 39 жастағы П.есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Ер адам Алматының бірнеше тұрғынын алдаған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


«Ер адам бірнеше алматылықтарды алдаған деген күдікке ілінді. Оның әрекетінен келтірілген жалпы материалдық шығын шамамен 30 миллион теңгені құраған. Алданған азаматтар күдіктінің заңсыз әрекеттерін өз арыздарында көрсеткен. Арызданушылардың бірінің нұсқасына сәйкес, ол П.есімді азаматпен интернетте танысқан. Жаңа танысы БАӘ немесе Еуропадан нарықтан төмен бағаға көлік алуға көмектесуді ұсынды. Күдіктіге 30 мың доллар көлемінде ақша аударылғаннан кейін ол байланысқа шығуын тоқтатқан», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.


Күдікті қамауға алынды. Істі қарау барысында оның тағы бірнеше осыған ұқсас эпизодтарға қатысы бар екені анықталды – қаскөй кепілге қойылған пәтерлерді сатып алуға мүмкіндік беремін деген желеумен жергілікті тұрғындардың ақшасын жымқырған. Бұл жолы ол өзін екінші деңгейлі банктердің бірінің тарату комиссиясының мүшесі ретінде көрсетті.



«Тағы бір эпизодта П.есімді азамат қылмыстық істі тоқтатуға көмектесуге уәде берген. Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу мерзімінде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Осы тұлғаның алаяқтық әрекетінен зардап шеккен азаматтар мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 8-708-707-9202; 8-705-555-7763; 8-775-719-2727», – деп қорытындылады Ысқақов.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#алаяқ #кұдікті #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық студенттер әзірлеген ЖИ жобасы АҚШ-та жеңіске жетті

Бүгін 10:58

Жаңбыр жауып, 3 градусқа дейін үсік жүреді: ауа райы болжамы

Бүгін 09:25

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Кеше 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Кеше 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Кеше 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);