конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматылықтар жаңа Конституцияның күшіне енген күні...

Алматылықтар жаңа Конституцияның күшіне енген күнін ауқымды концертпен атап өтті

Алматы Бүгін 11:01 41 yakiya
Алматылықтар жаңа Конституцияның күшіне енген күнін ауқымды концертпен атап өтті
Алматы әкімдігі

Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда жаңа Конституцияның күшіне енген күніне арналған «Біз, біртұтас Қазақстан халқы..!» атты ауқымды концерт өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған мәдени іс-шараның басты мақсаты – қазақстандық қоғамдағы бірлік пен қоғамдық келісім құндылықтарын насихаттау, Конституцияның ел өміріндегі маңызын кеңінен дәріптеу, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлау.

Open-air форматында өткен концертте бір сахнада еліміздің танымал әншілері мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Сахна төрінде «Абырой» және «КешYOU» топтары, Айдана Меденова, Ziruza, «Алашұлы» тобы, Ерке, Raim, Садраддин және басқа да танымал артистер ән шырқады. Олар патриоттық шығармалармен қатар көпшілік сүйіп тыңдайтын хиттерін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сахнадан өнерпаздар жиналған қауымды жаңа Конституцияның күшіне енген күнімен құттықтап, Қазақстанға бейбітшілік, тұрақтылық пен өсіп-өркендеуіне арналған жүрекжарды лебіз жеткізді.

Кеш барысында Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дидар Ділдәбек, Алматы қаласының жастар қозғалыстарының жетекшісі Ермұхаммед Палмағанбетов, «G35» студенттік өзін-өзі басқару ұйымының өкілі Мариям Дуанбек және «Алашұлы» тобының солисі Мақсат Рахмет сөз сөйлеп, Қазақстан халқының бірлігі, қоғамдық келісім мен өзара құрмет мемлекеттің тұрақты дамуының басты негізі екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, Конституция – елдің құқықтық негіздерін айқындайтын, әрбір азаматтың құқығы мен бостандығына кепілдік беретін әрі мемлекеттің тұрақты дамуы мен демократиялық қағидаттарының берік тірегі саналатын басты құжат екені айтылды.

Концерт соңында мыңдаған алматылық пен қала қонағы сүйікті өнерпаздарымен бірге танымал әндерді қосыла шырқап, ерекше жылы атмосфераның бір бөлігіне айналды. «Біз, біртұтас Қазақстан халқы..!» концерті Конституцияның ел өміріндегі айрықша рөлін айқындап қана қоймай, тұрғындарды ортақ мақсат пен ұлттық құндылық төңірегіне топтастырған жарқын мәдени кеш болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы балалар колониясында танымдық кеш өтті

Бүгін 11:25

Академик Асқар Жұмаділдаев жаңа конституция туралы пікір білдірді

Бүгін 10:44

Ахан Бижанов: «Жаңа конституция - болашаққа беталысымыз»

Бүгін 10:43

Бар жақсылық балаларға: қазақстандық кәсіпкерлер ауыл оқушыларын қолдап келеді

Бүгін 10:40

Марат Калимолдин: Жаңа Конституция әрбір қазақстандықтың сенімді қорғаны болады

Бүгін 10:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);