Алматылықтар шағын және микробизнесті дамытуға 2,6 млрд теңгеге жеңілдетілген несие алды

Алматылықтар шағын және микробизнесті дамытуға 2,6 млрд теңгеге жеңілдетілген несие алды Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 «Almaty Finance» еншілес ұйымы (Алматы ӘКК компаниялар тобына кіреді) «Алматы» МҚҰ ағымдағы жылдың 9 айында алматылықтарға шағын және микробизнесті дамыту үшін 80-нен астам жеңілдетілген несие берді. 

Несиелердің ең көп бөлігін өндіріс және өңдеу (30%), денсаулық сақтау (17%), білім беру (10%), халыққа қызмет көрсету (10%), туризм (6%), әлеуметтік кәсіпкерлік (6%), сонымен қатар креативті экономика (5%) салаларында жобалары бар кәсіпкерлер алған.

Көрсетіліп отырған кезеңдегі қаржыландырудың жалпы сомасы 2,6 млрд теңгеден асты.

Кәсібін енді бастаған және тұрақты жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге «Almaty Business-2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жылдық 2% және 6% жеңілдікпен несие берілді. Ақша жабдықты, шикізатты сатып алуға, айналым қаражатын толықтыруға және басқа да бизнес қажеттіліктерін жабуға бөлінеді.

«Алматы» МҚҰ-ның 7 жылдық мерзімге дейін беретін несиесінің ең жоғары сомасы 73 840 000 теңгені құрайды.

2019 жылдан бастап 2024 жылдың 3 тоқсанына дейін «Алматы» МҚҰ барлығы 12,5 млрд теңгеге жуық сомаға 560-тан астам шағын және микро бизнес жобаларын қаржыландырды.

«Алматы» МҚҰ-ның «Almaty Business» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несиелендіру аясында қалада 2300-ден астам жұмыс орны ашылды. Жаңа кәсіпкерлік субъектілерінің ашылуымен қатар, бағдарлама жергілікті бюджетке салық түсімдерін арттыруға да белсенді ықпал етуде», - деп атап өтті «Алматы» МҚҰ Басқарма төрағасы Алтай Исмағамбетов.

 

«Алматы» МҚҰ-ның жеңілдетілген несиелендіруі туралы толығырақ ақпаратты +7 (727) 390 80 42 телефоны арқылы немесе https://mfoalmaty.kz/  сайтынан біле аласыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:04

19:02

18:58

17:45

17:28

17:11

17:07

16:50

16:32

16:10

15:52

15:33

15:24

15:01

14:40

14:36

14:28

14:13

13:53

13:07

12:51

12:42

12:38

12:17

11:59