AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматылықтар Наурызды қалай қарсы алады?

Алматылықтар Наурызды қалай қарсы алады?

Алматы құшағында 22.03.2026, 15:27 576
Алматылықтар Наурызды қалай қарсы алады?
Қайрат Қонысбаев

Қаланың қақ ортасында, Республика сарайының алдындағы Абай алаңынан осы мерекеге қаншалықты қамданғанын көруге болады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Көктем келіп, алматылықтар көптен күткен күнді — Наурыз мейрамын қарсы алды.

Таңертеңнен бері қала тұрғындары мен қонақтар осында жиналды. Дәстүрді алғаш танып жатқан кішкентай баладан бастап, мәдени мұраны көздің қарашығындай сақтап келе жатқан ардақты ақсақалға дейін түгел алаңға келіпті.

Алаң домбыраның үніне құлақ түріп, бірін-бірі құттықтаған халыққа толы болды.

Күн райы да бүгін ерекше екен. Көктемгі самал жел есіп, қыс бітіп, Наурыз басталғанынан хабар бергендей төңірек түгел әсем кейіпке еніп, айнала әртүрлі түске еніпті. Кеңістіктің барынша ұқыпты ұйымдастырылғаны бірден көзге түсті. Қалалық қызметтердің келісіп істеп, халықтың көңілінен шығуға тырысқаны байқалып тұр.

Тігілген киіз үйлер, концерттік сахналар, жайлы демалыс аймақтары — бәрі осында келген әр адам өзін үлкен мерекенің бір бөлігі ретінде сезінетіндей етіп жасалып, ұсақ-түйегіне дейін ескерген екен.

Бұл күні Абай алаңы нағыз мәдениет галереясына айналады. Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан мен Түрікменстаннан келген шеберлер қолданбалы өнердің бірегей туындысын ұсынады.

Ұлттық өрнекпен безендірілген кілемдер, әсем әшекейлер, дәстүрлі киімдер мен қолөнер бұйымның бәрі тарихтан сыр шертіп, алаңда әртүрлі мәдениеттің басын қосыпты.

Гастрономиялық мереке де қызып жатыр: жаңа піскен бауырсақтың, дәмді палау мен ыстық самсаның иісі төңіректі түгел алып кетіп, бәрін дастарханнан дәм татуға шақырады. Мұндағы әр тағам халықтың дархан көңілін паш етіп тұрғандай.

Бүгінгі Наурыз — бірліктің, тарихқа деген құрмет пен болашаққа деген сенімнің символы.

Бұл мереке ұлтты ұйыстыратын, татулық пен бірлікке үндейтін, халықтың жаңаруға ұмтылысын көрсететін мереке болып қалды.

Наурыз құтты болсын, алматылықтар! Әр шаңырақта тыныштық, молшылық пен бақыт орнасын, көктем жаңа мүмкіндік пен үлкен өзгеріс алып келсін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #наурыз мерекесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда заманауи көшпенділердің nomad álemi атты фестивалі өтеді

Бүгін 19:47

Алматыда LRT желісінің рельстерін төсеу басталды

Бүгін 18:38

Қала күні қарсаңында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды кезекте тұрған азаматтарға жаңа пәтерлердің кілтін табыстады

Бүгін 18:15

Алматыда Қала күні алғашқы гастрономиялық көше ашылады

Бүгін 18:15

Елімізде 16,2 млн тонна астық жиналды, қабылданған жұмсақ бидайдың 74%-ы үшінші сыныпқа жатады

Бүгін 18:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);