Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылықтар аулаларын қалай көгалдандыруда?

Алматылықтар аулаларын қалай көгалдандыруда?

Әлеумет 20.09.2021, 09:40 1,326
Алматылықтар аулаларын қалай көгалдандыруда?
Сурет: Greenday.kz

Қала күнінде Алматыдағы жасыл желегі мол, ең көрікті аулалар таңдалды


Белсенділердің күш-жігерінің арқасында жасыл желекке толы жергілікті аулалар жылы да жайлы көрінеді. Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасының басшысы Әли Райымбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында көгалдандыру байқауының қалай өткені туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Аула аумағын көгалдандыру - 2021» байқауы Қала күніне орайластырылған. Қатысушылар өте көп болды - 324 өтініш келіп түсті, оның 84-не комиссия мүшелері дауыс берді. Әр ауланы қоғамдық кеңес мүшелерінен, ландшафтық сәулетшілерден, қоғамдық ұйымдар басшыларынан тұратын қатал да сауатты қазылар алқасы қарады. 1-3 орын иегерлері электронды дауыс беру арқылы анықталды.


«Экология – біздің жұмысымыздың негізгі бағыты. Ауланың көгалдандырылуы экологиялық қана емес, әлеуметтік сипатқа да ие. Қала тұрғындарының идеялары соншалықты әдемі және ерекше болып шықты, жеңімпаздарды таңдау оңай болған жоқ. Тұрғындар өз ауласын қалай көркейтуге болатынын жақсы үлгі түрінде көрсетті. Байқауға ұсынылған әр аула шын мәнінде ерекше болды. Бүгінде тұрғындар қызықты композициялар жасайды, экологиялық таза материалдарды пайдаланады, олар ауласына кішкентай Швейцарияны әкеліп орнатып қойған деп айтуға болады», - дейді Ә.Райымбаев.


Байқау тамыз айының соңында жарияланды, өтінімдерді қабылдау 3 қыркүйекте басталды. Қоғамдық дауыс беру қорытындысы бойынша, жүлде қоры 24 жеңімпаздың арасында ойнатылды: Гран-при жүлдесіне - тауарлық материалдарды, ауланы абаттандыруға арналған өсімдіктерді сатып алуға 5 миллион теңгеге сертификат; 8 ауданда 1 орын үшін - 1 миллион теңге; 8 ауданда 2 орын үшін - әрқайсысы 500 мың теңге; 8 ауданда 3 орынға бау-бақша құралдары берілетін болды.


Комиссия мүшелерінің дауыс беруінің нәтижесінде Түрксіб ауданындағы Монтажная көшесі, 15 мекенжайындағы ауланы ұсынушы Яна Чистилина жеңімпаз деп танылды.


Қүрамында «TAL» архитектуралық бюросының жетекшісі Назерке Мундаханова бар сәулетшілерді ауладағы түрлі гүдер мен өсімдіктер таңқалдырды. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде әр аулада жақсы күтілген ағаштар мен бұталардың көп болғанын, тұрғындардың олардың дизайнына шығармашылықпен қарағанын айтты.


«Біз жасыл желектің жалпы жағдайын ғана емес, сонымен қатар оларды түптеу және суару жұмыстарына да назар аудардық. Мысалы, аулалардың бірінде тұрғындар өздерінің үйінде суару жүйесін ойлап тапқан», - дейді Н.Мундаханова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аула #жасыл #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр, көктайғақ пен тұман: 8 наурызда ауа райы қандай болады?

Бүгін 10:20

Тоқаев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Бүгін 08:04

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Кеше 22:23

Әзербайжан президенті Тоқаевқа алғысын білдірді

Кеше 22:15

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Кеше 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі