AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Алматылықтар 2% және 6% мөлшерлеме бойынша несие...

Алматылықтар 2% және 6% мөлшерлеме бойынша несие ала алады

Экономика 11.04.2025, 10:05 813 Bakyt
Алматылықтар  2% және 6% мөлшерлеме бойынша несие ала алады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

«Алматы» микроқаржы ұйымы («Алматы МҚҰ» ЖШС, «Алматы» ӘКК» АҚ компаниялар тобына кіреді) «Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы бойынша жеңілдікті қарыздар беруді жалғастыруда.

Бағдарлама шеңберінде микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері жылдық 2% және 6% мөлшерлеме бойынша несиелер алады. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жергілікті бизнеске 572 млн теңге сомасында қарыздар берілді. Несиелердің үштен бірінен астамы өндіріс және қайта өңдеу саласындағы жобаларға тиесілі болды. Сондай-ақ, Халыққа қызмет көрсетуге бағытталған бастамалар (үлесі-21%), туризм және білім беру салаларындағы жобалар (14%-дан) қаржыландырылды.

«Алматы» МҚҰ-да бір қарыз алушыға қаржыландырудың ең жоғары сомасы 78 640 000 теңгені құрайды. Қарыз мерзімі - 7 жылға дейін. Бағдарламаға қатысудың негізгі шарты — Алматы қаласының аумағында бизнесті тіркеу және жүргізу. Өндіріс және қайта өңдеу, әлеуметтік бағдарланған кәсіпкерлік (оның ішінде білім беру, спорт және денсаулық сақтау салаларындағы) салаларындағы жобалар, сондай-ақ импортты алмастыруға, экспортқа бағдарлануға, креативті индустрияларға және т. б. бағытталған бастамалар қарауға басым болып табылады.

2019 жылы «Almaty Business-2025» бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап «Алматы» МҚҰ шамамен 14 млрд теңгеге 600-ден астам жобаны қаржыландырды.

 «Жеңілдетілген несиелеу аясында «Алматы» МҚҰ қалада 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлік белсенділік пен жұмыспен қамтудың өсуін ынталандырумен қатар, «Almaty Business-2025» бағдарламасы қала бюджетіне түсетін салық түсімдерінің ұлғаюына ықпал етеді. Мәселен, қарыз алушылар 2019 жылдан бастап 2 млрд. теңгеден астам салық төледі", - деді «Алматы» МҚҰ Басқарма төрағасы Алтай Исмағамбетов.

 Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жеке-жеке есептеледі және 13% - дан аспайды. Жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы туралы толығырақ +7 (727) 390 80 42 телефоны немесе веб-сайт арқылы біле аласыз: https://mfoalmaty.kz

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бизнес #несие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);