Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық волонтерлер өртенген әкімдік ғимаратын т...

Алматылық волонтерлер өртенген әкімдік ғимаратын тазалауға көмектесіп жатыр

Әлеумет 15.01.2022, 09:40 1,539
Алматылық волонтерлер өртенген әкімдік ғимаратын тазалауға көмектесіп жатыр
Cурет: Inform.kz

Сенбілікке түрлі ұйымдардан 150-ден астам ерікті жұмылдырылған


Алматы әкімдігі ғимаратын өрттен кейінгі тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгін көмекке қаланың волонтерлері келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


HAQ қоғамдық қозғалысының жетекшісі Тоғжан Қожалиеваның айтуынша, сенбілікке түрлі ұйымдардан 150-ден астам ерікті жұмылдырылды.



«Атап айтар болсам, «Қызыл крест», «Жансая Әбдімәлік шахмат академиясы», Lider.kz, HAQ қоғамдық қозғалысы, «Narkostop», «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері, сондай-ақ каскадерлар мен Алматы қаласының қамқор азаматтары жұмылдырылды. Олардың барлығы алдын ала жазылды, бізде тізім бар. Олар өз еркімен келді, қаланы қалпына келтіруге үлес қосқысы келеді. Көбінесе жастар. Бұл өте қуантады. Біз әкімдік ғимаратының үшінші қабатын тазалап жатырмыз», - дейді Тоғжан Қожалиева.




Спикердің сөзінше, басты мақсат – күшіміз бірлікте екенін көрсету.



«Біз елімізге, сүйікті қаламызға көмектескіміз келеді», - деп қосты ол.



Айта кетейік, 13 қаңтарда өрттен кейін әкімдік ғимаратын тазарту жұмыстары басталды. Оған шамамен 660 адам жұмылдырылды. Қираған жиһаз, кеңсе техникасы, қоқыс жиналып, кәдеге жарату үшін полигондарға шығарылады.


Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев өрттен зардап шеккен қалалық әкімдік ғимараты қашан қалыпқа келтірілетінін айтты.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта ғимарат ішінде өрт салдарынан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған шамамен екі-үш күн кетеді. Жұмыс көлемі өте үлкен. Алдағы уақытта оны 100 пайыз қайта қалпына келтіреміз. Техникалық тексеру жүргізіледі. Оған тағы 10 күн кетеді. Осыдан кейін мамандар ғимаратты қалпына келтіру бойынша жобалау-смета құжаттамасын әзірлейді.


Қалпына келтіру жұмыстары шамамен 5-6 айға созылады. Бюджет әлі анықталған жоқ.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#волонтер #Алматы әкімдігі #тазалау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Көрісу күні – Наурызнама онкүндігінің алғашқы күні

Бүгін 10:19

Тарихта алғаш рет: қазақстандық альпинистер Альпідегі Эйгер тауының солтүстік қабырғасы — «Өлім қабырғасын» бағындырды

Бүгін 10:06

Көрісу күні қандай мереке?

Бүгін 10:00

Алматылықтар Көрісу күнін қалай атап өтетінін айтты

Бүгін 09:55

Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашар

Бүгін 09:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика