ffin.kz

Алматылық сиқыршы тағы да рекорд орнатты

Алматылық сиқыршы тағы да рекорд орнатты almaty-akshamy.kz

Алматылық сиқыршы-иллюзионист Жеңіс Айтжанов үш рет Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл жолы ол өзінің екі рекордын жеңіп, төрт тиынды қол саусақтарының арасында айналдыру бойынша үздік атанды.  Талап – тиындарды саусақтардың арасында қолмен бұрау және барынша ұзақ уақыт айналдыру.


Ол алғаш рет 2015 жылы қол саусақтарымен бір тиынды тоқтаусыз 55 секунд ішінде 55 рет айналдырып, әлемді таңқалдырған. Одан соң төрт тиынды қол саусақтарының арасында 14 рет 60 секунд ішінде шыр айналдырды. Мұндай әдісті әлемнің мықты деген иллюзионистері қайталай алмайды. Бұл жолы ол өзінің алдыңғы рекордын бұзып, төрт тиынмен 16 айналым жасады.



– Рекорд жасау үшін қазылар алқасы мұқият тексерген қарапайым тиындар пайдаланылады. Тек үш рет талпыныс жасалды, бірақ бәрі ойдағыдай өтті, – дейді Жеңіс. Қазір жас жігіт тағы да өз рекордын жаңартуға ниетті. Әзірге жаттығу режимінде ол 17 бұралу жасауда.



Төрт тиынды азғантай секундттың ішінде саусақтарында айналдыру үшін қол ептілігі мен ойлау жүйесінің жылдам жұмыс істеуі маңызды. Сиқыршы Жеңіс Айтжанов осы тәсілді жетік меңгерген. Ептілігімен қоса әр адамның психикасын өзгелерден артық әрі жылдам түсіне білуі оған әлемдік рекорд орнатуға көмектесті. Айтуынша, адамның көзін арбау әдемі сөйлеу арқылы жүзеге асатын көрінеді. Тиын айналдырудан бөлек, ұялы телефонның жасырын кодын оп-оңай табатын да қыры бар.



Бала күнінен ғажайыпқа сенген Жеңіс Айтжанов 6 жасынан тылсым, жұмбаққа толы өнерге еніп кетті. Атақты сиқыршылардың шоуларын көріп, фокустарын үйренуге күш салады. Күн сайын көрген сиқырын қайталап, қол ептілігін арттырды. Тиыны қолынан қайта-қайта түсіп, түк шықпаған сәтте осы бір өнерді қалай да болса үйренемін деген мақсат қояды. Негізгі мамандығы – экономист. Бірақ оның жанына қаржыгерліктен гөрі иллюзия өнері жақын. Айтуынша, рекорд орнату да оңай шаруа емес. Сиқырды мықтыларға дәлелдеу қиынның қиыны.



Ол алдын ала дайындап алған реквизиттен гөрі, халықтың қолындағы заттарды пайдалану арқылы сиқыр ойлап табады. Репертуарындағы фокустарының жартысының авторы – өзі. Сондықтан өнерін халық шынайы деп есептейді. Басты мақсаты – қазақ елінде иллюзия өнерін өркендету. Ол әлемнің 25 елінде өнер көрсеткен, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушысы. Сондай-ақ, Жеңіс қайырымдылық еріктісі, өйткені ол оны әр адамның ажырамас бөлігі деп санайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:49

18:42

18:40

18:26

18:26

18:25

18:24

18:22

17:46

17:45

17:18

17:15

17:01

16:52

16:42

16:39

16:35

16:32

16:08

16:06

16:05

16:02

15:50

15:48

15:45