AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық оқушылар түрлі мамандық иелерінің құпияс...

Алматылық оқушылар түрлі мамандық иелерінің құпиясымен танысты

Әлеумет 28.05.2025, 16:06 773
Алматылық оқушылар түрлі мамандық иелерінің құпиясымен танысты
Суреттерді түсірген - Қ.Қоныспаев

Алматы қаласындағы Наурызбай ауданына қарасты №208 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып оқушыларына арналған «Менің болашағым» атты ерекше шара өтті. Іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат — балалардың әртүрлі мамандықтар туралы түсінігін кеңейту, болашаққа деген қызығушылығын ояту.

Мектеп директоры Гүлбағда Аденованың айтуынша, шара барысында шамамен 300 оқушы өздерін түрлі кәсіп иесі ретінде сезініп көрді.

– Біздің оқу орнымыздың аумағында «Мамандықтар қалашығы» форматында өткен іс-шараға әртүрлі бағыттағы мамандық иелері қатысты. Балалар дәрігер, өрт сөндіруші, полиция қызметкері, визажист, аспаз, тігінші, шаштараз сынды мамандардың жұмысын өз көздерімен көріп, тәжірибе жасап көрді, – деді мектеп директоры.

Шараға Алматы қаласындағы төрт колледждің әкімшілігі мен студенттері қонақ ретінде келіп, мектеп оқушыларына шеберлік сабақтарын өткізді.

Алматылық құрылыс-техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Гүлсим Керімқұлованың пікірінше, бастауыш сынып оқушылары үшін бұл кезең болашақ мамандыққа деген алғашқы қадам болып табылады.

– Бұл жастағы балалардың қызығушылығы өте жоғары. Олар түрлі кәсіпті байқап көріп, өз қиялындағы мамандықты елестете бастайды. Визажист болып бет әрлеу, аспаз болып қамыр илеу – мұның бәрі олардың шығармашылық қабілетін дамытады. Ең бастысы – өмірлік мамандықты таңдау емес, білімге құштарлық пен өз-өзіне деген сенімділікті қалыптастыру, – дейді ұстаз.

Айта кетейік, аталған шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды қорғау күніне орай бекіткен медиажоспарына сәйкес өткізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #білім #мамандық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымына өтті

Бүгін 10:56

«Жыраулар жолымен» жыр жобасы әлемдік рекордтар тізіміне енді

Бүгін 10:10

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 09:27

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Бүгін 08:56

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Кеше 19:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика