AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық оқушылар суға батқан адамды құтқарудың ж...

Алматылық оқушылар суға батқан адамды құтқарудың жолын үйренді

Әлеумет Бүгін 14:42 41 yakiya
Алматылық оқушылар суға батқан адамды құтқарудың жолын үйренді

29 сәуір күні Алматының Түрксіб ауданындағы Аэропортовское көлінде Төтенше жағдайлар департаменті мен ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметінің күштері қатысқан тактикалық оқу-жаттығу болып өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Онда адамды құтқарып, алғашқы көмек көрсетіп, оқыс оқиға бола қалғанда арнаулы қызметтердің қалай жұмыс істейтіні пысықталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің өкілдері осы жаттығуды көріп қайтты.

Оқу-жаттығу барысында жасөспірімдер арасында алдын алу жұмысы мен қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға назар аударылды. Іс- шараға жақын маңдағы мектептердің 8–11 сынып оқушылары тартылды.

ТЖД Төтенше жағдайды жою басқармасының бастығы Денис Ярцевтің айтуынша, шомылу маусымының қарсаңында өтіп жатқан оқу-жаттығу жұмысы балалардың жазғы демалысты қауіпсіз өткізуіне бағытталыпты.

«Суға шомылатын маусымның жақындағандықтан адамдарды құтқару жағын қайта бір пысықтап алып, оны балалармен бірлесіп өткіздік осы жолы. Іс-шара аясында оқушыларға суға кеткенде алғашқы медициналық көмек көрсетудің жолын, судағы қауіпсіздік ережелерін, сондай-ақ зардап шеккендерге көмек көрсетудің тәсілін көрсеттік», — дейді Денис Ярцев.

Ол Аэропортовское көлі шомылуға рұқсат етілген орынға жатпайтынын, болашақта оны қайта жаңғырту жоспарланып отырғанын да айтты.

ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметінің сүңгуір-құтқару бөлімшесінің жетекшісі Андрей Быбченко жазатайым оқиғаның алдын алуға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік ережелерін атап өтті.

«Шомылу маусымы басталғанда ең бастысы — қарапайым ережені сақтау керек: күн өтіп, дене қатты қызып кетпеуі керек, суға да бірден қойып кетпеңіз. Температура күрт өзгергенде дене құрысып, адам есінен танып қалады. Бұрын суға түсіп көрмеген жерге барып суға түспеу керек. Ондай жерде құтқарушылар болмайды. Суға сүңгіген кезде жарақат алып, бір нәрсеге ілініп қалуыңыз әбден мүмкін», — деп ескертті Андрей Быбченко.

Ол суға батып бара жатқан адамды құтқару ережесіне де ерекше тоқталды.

«Адамды арт жағынан ұстау қажет, бетпе-бет келсеңіз құтқарушының өзін ұстап алып, бірге батып кетуі мүмкін. Егер өз күшіңізге сенімді болмасаңыз, дереу жедел қызметтерді шақырып, оқиға орнын нақты хабарлап айту керек. Бұл көмектің тез жетуіне ықпал етеді», — деп кеңес берді құтқарушы.

Сонымен қатар, маман тау өзендерінің аса қауіпті екенін ескертіп, суы суық, ағысы қатты, түбі тасты болып келетін жерлерге жоламау керектігін айтты. Мұндай жерде аяқ тайып кетіп, ағыс алып кетуі мүмкін, ондай кезде суға кеткен адамды құтқару жағы да қиындап кетеді.

Оқу-жаттығу аясында медицина қызметкерлері суға батқан адамға алғашқы көмек көрсету алгоритмін тәжірибе жүзінде көрсетті.

«Ең алдымен тыныс алу жолын судан тазартып, тыныс алып жатқанын, тамыры соғып тұрғанын тексеріп алу қажет. Болмаса бірден жүрек-өкпе реанимациясын бастап, жедел жәрдем шақыру керек», — деп атап өтті ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкері Перизат Бабақұл.

Іс-шараға қатысқандар жаттығуды ерекше ықыласпен бақылап, мамандарды мұқият тыңдап, алған білімдері алдағы уақытта кәдеге жарайтынын атап өтті. Мысалы, оқушы Анастасия Ковалева суға батып бара жатқан адамды дұрыс құтқару техникасын, атап айтқанда арт жағынан ұстау қажеттігін, сондай-ақ өкпеге жасанды тыныс беруді үйренгенін айтты.

Мұндай оқу-жаттығу төтенше жағдай әрекет етуді тәжірибе жүзінде пысықтап, жасөспірімдерді құтқару мен өзін-өзі қорғаудың негізгі дағдыларын үйретуге мүмкіндік береді. Мамандар судағы қауіпсіздік ережесін сақтап, рұқсат етілген жерде ғана шомылуға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқу-жаттығу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаңа форматтағы мектептерді таныстырды

Бүгін 16:21

Президент Чехия Премьер-министрін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Бүгін 16:18

Тоқаев пен Чехия Премьер-министрі Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 16:15

Ғылым мен спорт ұштасқан күн: Алматыда аңызға айналған чемпиондар бас қосты

Бүгін 14:25

Алматыдағы 190 діни бірлестік қоғамдық жұмыстан қалмайды

Бүгін 13:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика