конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық оқушылар робототехникадан өткен халықара...

Алматылық оқушылар робототехникадан өткен халықаралық чемпионатта жеңімпаз атанды

Әлеумет 14.03.2024, 04:12 1,058
Алматылық оқушылар робототехникадан өткен халықаралық чемпионатта жеңімпаз атанды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

2024 жылдың 7-11 наурыз аралығында Алматы қаласының оқушылары Кипрдің Никосия қаласында өткен «FIRST Tech Challenge Cyprus 2024» халықаралық робототехника чемпионатына қатысты.Турнирге 18 жергілікті және  әлемнің түкпір-түкпірінен 7 команда қатысты.  


Чемпионатқа Қазақстанның намысын қорғауға Алматы қаласынан «Sana team» командасы аттанған болатын. 10-11 сынып оқушыларынан құралған бұл командалардың құрамында: Білім Инновация Лицейінен – Тұрсынғали Әділ, Даулетқұл Арнар, Акипбек Осман, Дәулетұлы Алдияр, Смайл Дарын, Пахридин Аббас, Ыбрай Асылхан, Аширалин Илияс және М.Базарбаев атындағы №138 гимназиясынан – Аманкелді Шолпан бар. Нәтижесінде алматылық оқушылар «THINK AWARD» және «Winning Alliance AWARD» номинацияларын жеңіп, бірінші орыннан көрінді.




«Оқушылар ойындарда жоғары кәсібилік танытып, инженерлік дайындық сапасымен ғана емес, сонымен қатар тамаша коммуникативті дағдыларымен және басқа командалармен өзара әрекеттесуімен де төрешілерді таң қалдырды. Біздің балалар 25 команданың ішінде жарқыраған киімдерімен, жалындаған көздерімен ғана емес, матчтар кезіндегі көшбасшылық ұстанымдарымен де көзге түсті. Біз фавориттердің қатарында болдық», - дейді Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты «Алматы дарыны» орталығының директоры Гүлнұр Кәрімғажы.




Кипрде өткен сайысқа жолдаманы Қазақстаннан барған оқушылар осы жылдың қаңтар айында USTEM Foundation қоғамдық қоры ұйымдастырған Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткен «Daryn FIRST Championship» республикалық турнирінде олжалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #оқушылар #робототехника
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурызбай ауданында су басу фактілері тіркелген жоқ, тұрғындарды эвакуациялау жүргізілмеді

Бүгін 15:41

FlyArystan Алматы мен Сиань арасында тікелей әуе рейсін іске қосты

Бүгін 15:34

Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды

Бүгін 15:17

Тарихи сайлау – Президент Құрылтай сайлауын 23 тамызға тағайындады

Бүгін 15:13

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков: Жаңа Конституция: жедел даму қалалары және Алатаудың бірегей экономикалық экожүйесін іске қосу

Бүгін 14:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);