AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық оқушылар қарттарға көмектесті

Алматылық оқушылар қарттарға көмектесті

Әлеумет 01.04.2025, 12:38 824 Bakyt
Алматылық оқушылар қарттарға көмектесті
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

«Жақыныңа жәрдемдес» акциясы жалғасуда

Алматыда «Жақыныңа жәрдемдес» акциясы жалғасып келеді. Бұл бастама «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқанның бір бөлігі болып табылады және республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өтіп жатыр.

Жас еріктілер қаланың түкпір-түкпірінде аулаларды аралап, ерекше қамқорлықты қажет ететін жандарға – қарттарға, ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсетіп жүр. Ауланы тазалау, үй шаруасына жәрдемдесу, емен-жарқын әңгіме – мұның барлығына балалар шын жүректен кіріскен.

Мысалы, №200 мектеп-гимназиясының оқушылары Ақжар шағын ауданының тұрғыны Зуре Бекбергеноваға көмектесті: қоқыс шығарып, аула сыпырып, аумақты ретке келтірді.

— Біз жай ғана келіп, көмектестік. Бұл қиын емес, бірақ әже үшін үлкен көмек. Бізге де қуаныш, – дейді қатысушылардың бірі.


 

Наурызбай ауданында оқушылар зейнеткер Айзере Жұмаділге қол ұшын созса, Қарағайлыда Әтерхан Қасымбековаға көмек көрсетті.

— Қарттарға мұндай көмекті көрсету – басқаларға үлгі болу деп есептейміз. Қаланы таза ұстасақ, өмір сүру де жайлы бола түседі, – дейді №192 мектептің оқушысы.

Еріктілер қолдау көрсеткендер қатарында тыл еңбеккері Вера Мамонтова, 94 жастағы Ахметов Әлімхан, Зоя Қыдырова және т.б. қала тұрғындары бар. Олар үшін бұл акция – жай ғана аула тазалығы емес, бұл – қамқорлық, назар аудару және жаныңда сенің жағдайыңа бей-жай қарамайтын жандардың бар екенін сезіну.

 

Акцияға Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері де атсалысты. Соңғы аптада олар 142 жалғыз тұратын зейнеткер мен мүмкіндігі шектеулі адамға көмек көрсетті. Оның ішінде 74 жағдайда аулалар тазаланып, ұсақ жөндеу жұмыстары мен тұрмыстық шаруалар атқарылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қарттар #оқушы #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Таеквондодан Қазақстан Чемпионатының алғашқы жеңімпаздары марапатталды

Бүгін 11:12

Qazaq Oil ірі жанармай құю желісін ашты

Бүгін 11:09

Іңкәр Бауыржан Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды

Бүгін 10:48

«Талдау мектебі. Алматы» жобасының финалистері анықталды

Бүгін 10:41

Ақтауда тұңғыш рет кітап жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 10:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);