Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық оқушылар қала сыртындағы қандай лагерьле...

Алматылық оқушылар қала сыртындағы қандай лагерьлерде демалады?

Әлеумет 09.07.2024, 10:05 758
Алматылық оқушылар қала сыртындағы қандай лагерьлерде демалады?
Алматы әкімдігі

Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтарынан 3 мыңға жуық бала, жетім балалар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

20 маусымда балалар Қонаев қаласындағы «Балдәурен»лагеріне барды. Қапшағай су қоймасының көркем солтүстік жағалауында «Жанұя» мамандандырылған кешенінің ерекше білім беру қажеттіліктері бар 100 бала және Бостандық ауданының мектептерінен 15 бала демалуда.

Сондай-ақ, Жетісу ауданының мектептерінен 76 бала және Медеу ауданынан 155 бала Avat kids camp лагеріне жіберілді. Түрксіб ауданынан келген 263 бала Қонаев қаласындағы Jellyfish Camp лагеріне жіберілді. Бұған қоса, 7 шілдеде «Жанұя» мамандандырылған кешені тәрбиеленушілерінің 80 баласы және «Мейірім» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының 12 баласы Avat kids camp лагеріне барды.

Қалған балалардың келуі кесте бойынша тамыз айының соңына дейін жүзеге асырылады.  

Биылғы жылы Алматыда 266 мың баланы жазғы демалыс кезінде демалыспен және жұмыспен қамту жоспарлануда. Сауықтыру демалысымен жетім балалардың, ерекше білім беру қажеттіліктері бар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың  балалары 100%  қамтылатын болады. 

Оқушылар сарайының «Өрнек» лагерінде 3 маусымда 900 бала демала алады. Бұлар - «Жанұя» мамандандырылған кешеннің тәрбиеленушілері, халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары, сондай-ақ конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #лагерь #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика