AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматылық оқушы жасанды интеллект арқылы тері ауру...

Алматылық оқушы жасанды интеллект арқылы тері ауруын анықтайтын ғылыми жоба ұсынды

Білім және ғылым 28.11.2024, 16:47 1,223 Nursok82
Алматылық оқушы жасанды интеллект арқылы тері ауруын анықтайтын ғылыми жоба ұсынды
24.kz

Алматылық оқушы жасанды интеллект арқылы тері ауруын анықтайтын ғылыми жоба ұсынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz 24KZ-ке сілтеме жасап. 

Ол зақымданған тері суреттері арқылы маймыл шешегі вирусын табуға болатынын көрсетті. Тәжірибелік модельдің ауруды анықтау дәлдігі – 95%. Медицина саласында жасанды интеллектіні қолдану деңгейі күннен-күнге артып келеді. Қазірдің өзінде дамыған елдерде рентген, МРТ бейнелерін жасанды интеллектінің көмегімен талдау түрлі онкологиялық ауруларды дәл анықтауға жол ашып отыр.

Зияткерлік мектептің 11-сынып оқушысы Артем Лаврентьев өзінің ғылыми жобасында жасанды сананы тері ауруларының суреттерін талдауға және маймыл шешегі ауруын анықтауға бейімдеді.

Артем Лаврентьев, оқушы: - Модель қолданыстағы VGG 16 нейрондық желісінің негізінде жасалды, модельдің кескінді тану қасиеттері дамытылып, бейімделді. Бұл тері фотосуреттерінен ауруларды дәл анықтауға мүмкіндік берді. Тестілеу барысында нейрожүйенің суреттерді жай ғана жаттап алмай, анықтау үшін үлкейту қолданылды. Мұның бәрі оның өзектілігін көрсетті.

Тәжірибелік үлгінің көмегімен маймыл шешегі, желшешек, қызылша, сондай-ақ сиыр шешегі және стоматит ауруларын бірнеше секундта анықтауға болады. Дәлдігі – 95%. «Жоба инфекциялық ауруды бастапқы кезеңінде диагностикалауға мүмкіндік береді әрі денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені азайтады», – дейді Артем.

Зияткерлік мектеп оқушыларының бұдан өзге де бірнеше ғылыми жобасы бар.

Дәмір Еркімалиев, физика пәнінің мұғалімі: - Жетінші сыныптар, төменгі сыныптардың өзі қазіргі таңда мейкблок деген робот құрастырады. Яғни, бұл жерде пультпен басқару арқылы, электр тоғын білесіз, өте электриктерге қауіпті. Сондықтан да бұл қауіпсіздікті сақтау үшін жасалып жатқан құрылғылар.

Оқушылар көбіне әлеуметтік жобаларға басымдық берген. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін баспалдаққа оңай мініп түсетін арба стартап жобалар қатарында екінші орынға ие болған. Сондай-ақ жер тербелісін сезетін өлшеуіштің демонұсқасы да дайын. «Жетілдірген соң мектебімізде қолданысқа енгіземіз», – дейді жас зерттеушілер. Ал Артем болса жобасын толық сынақтан өткізіп, болашақта кәдеге жаратуды жоспарлап отыр.   

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқушы #Ғылыми жоба #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Бүгін 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Бүгін 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Бүгін 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);