AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау 2026 / «Әділет» партиясының кандидаттары №180 мектеп ұжым...

«Әділет» партиясының кандидаттары №180 мектеп ұжымымен кездесті

Сайлау 2026 Бүгін 11:53 82
«Әділет» партиясының кандидаттары №180 мектеп ұжымымен кездесті

Білім беру сапасын арттыру, мектеп инфрақұрылымын жаңғырту және оқушылардың ғылыми әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Әділет» партиясының сайлауалды штабының өкілдері №180 жалпы білім беретін мектептің педагогикалық ұжымымен кездесті. Жиында білім беру сапасын арттыру, мектеп инфрақұрылымын жаңғырту және оқушылардың ғылыми әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесуге «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар, Алатау аудандық сайлауалды штабының мүшелері және мектептің педагогикалық ұжымы қатысты.

Педагогтерге партияның 2026–2031 жылдарға арналған Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының білім беру саласына қатысты негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, 2031 жылға дейін кемінде 25 мың жаңа оқушы орнын ашу, мектептерді жаңғырту және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту міндеттері қарастырылғаны айтылды.

Сонымен қатар, білім беру үдерісіне жасанды интеллект технологияларын енгізу, оқушылардың ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу мүмкіндіктерін кеңейту және педагогтердің кәсіби дамуына қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Әкежан Кеңесов білім беру сапасын арттыру мен оқушыларға жаңа мүмкіндіктер қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

«Қаланың болашағы бүгінгі ұрпақтың сапалы білім алуына тікелей байланысты. Сайлауалды бағдарламамызда жаңа оқушы орындарын ашу, мектеп инфрақұрылымын жаңғырту және білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізу көзделген. Сонымен қатар, оқушылардың ғылыми жобаларға қатысуына, жасанды интеллект технологияларын меңгеруіне және өз қабілеттерін дамытуына жағдай жасау маңызды. Бұл бағытта педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсету де ерекше мәнге ие», – деді Әкежан Кеңесов.

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының

сайлауында партиялық тізімді ұсынған

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Тапсырыс беруші: С.В.Канкуров.                                

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Заң мен Әділдік» жобасы арқылы кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдауды кеңейтті

Бүгін 13:35

Алматылық дәрігерлер күрделі отаны тіліксіз жасады

Бүгін 13:22

Алматыда полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Бүгін 12:45

Қазақстанның үстел теннисінен әлем чемпионатына қатысатын спортшысы белгілі болды

Бүгін 12:00

Әлеуметтік кәсіпкерлік Алматыда қандай мүмкіндікке жол ашады?

Бүгін 11:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);