AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматылық оқушы «Жас қанат. Балалар - 2023» байқау...

Алматылық оқушы «Жас қанат. Балалар - 2023» байқауының жеңімпазы атанды

Мәдениет 06.06.2023, 05:58 1,353
Алматылық оқушы «Жас қанат. Балалар - 2023» байқауының жеңімпазы атанды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда тұңғыш рет 1 маусымда Республика сарайында «Жас қанат. Балалар – 2023» республикалық балалар шығармашылық  байқауы өтті.


Осы байқауда “Вокал” номинациясы бойынша Алматы қаласы Оқушылар сарайының түлегі Дастан Тұрдалы “Самал Тау” қазақ халық әнімен Гран-при иегері атанды. Енді ол шілде айында «Медеу» мұз айдынында өтетін «Азия дауысы» халықаралық фестивалінде Қазақстанның намысын қорғайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


 
Жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:


1-орынды Түркістан облысынан Зере Жүнісбай,


2-орынды Маңғыстаулық Әмина Асгатова,


3-орынды Ақтөбе облысынан Балым Нсаналы иеленді.


Жеңімпаздарға алтын, күміс және қола қанаттардан бөлек, алдағы «Азия дауысы» халықаралық фестиваліне дайындық жұмыстары үшін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың ақшалай гранттары табыс етілді.



«Гран-при алған кезде қатты қуандым және толқып кеттім. Музыкаға алғашқы қадамдарымды 3 жасымда бастаған едім, вокалға 5 жасымнан бастап бардым. Содан бері көптеген республикалық және халықаралық байқауларға қатыстым. Осындай жетістіктерге жетуіме ата-анам, Оқушылар сарайының ұстаздары көмектесті. Болашақта алған бетімнен қайтпай, өз кумирім Димаш аға сияқты стадиондарда, үлкен сахналарда өнер көрсетуді армандаймын», - дейді Дастан Тұрдалы.



Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша, «Жас қанат. Балалар – 2023» аңызға айналған «Жас қанат» байқауының тарихындағы жаңа бағыт болмақ. Еліміздің барлық облыстарынан келген 22 үміткердің өнерін республикалық эстрада шебері Әлібек Дінішев, «Жас қанат» байқауының бірінші Гран-при иегері Медеу Арынбаев, Жәния Әубәкірова, Байғали Серкебаев және басқа да белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері бағалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жас қанат #байқау #жеңімпаз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика