Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық олимпиада жүлдегерлеріне баспана беру ту...

Алматылық олимпиада жүлдегерлеріне баспана беру туралы

Әлеумет 23.04.2025, 18:47 738
Алматылық олимпиада жүлдегерлеріне баспана беру туралы
Сурет: Egemen.kz

2024 жылғы 11 тамызда Парижде XXXIII жазғы Олимпиада ойындары мәресіне жетті. Алматы спортшылары Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, бірнеше медаль жеңіп алып, елдің спорттық беделін халықаралық аренада нығайтты.

20 тамыз күні Алматы қаласы әкімдігінде Олимпиада жүлдегерлерімен салтанатты кездесу өтті. Іс-шара аясында спортшыларға ақшалай сертификат, автокөліктердің кілті және тұрғын үй алу сертификаты табысталды. Ақшалай сыйақылар мен автокөліктер Алматы қаласы әкімдігі тарапынан дәл сол күні берілді.

Ал тұрғын үйге қатысты сертификат — атақты спортшыларды баспанамен қамтамасыз ету тетігінің алғашқы кезеңі. Сертификаттар табысталған соң, тұрғын үйді сатып алу рәсімі басталды. Бұл үдеріс арнайы бюджет қалыптастыруды және барлық мемлекеттік сатып алу рәсімін — байқау жариялаудан бастап келісімшартқа дейін қамтиды. Аталған рәсімдер заңнамаға сай қатаң тәртіппен жүзеге асады және белгілі бір уақытты қажет етеді.

2025 жылы 9 қаңтарда барлық заңдық және сатып алу рәсім толық аяқталды. Спортшыларға жайлы жағдай жасау мақсатында пәтерлерге таза әрлеу жұмыстарымен жөндеу жүргізілді.

 

Бүгінгі таңда барлық пәтерде жөндеу жұмыстары аяқталды. Алматы қаласы Спорт басқармасының қызметкерлері әрбір жүлдегермен байланыста болып, кілт табыстау күнін жеке-жеке келісіп жатыр (Олимпиада чемпионы Назым Қызайбайдың айтуынша, Спорт басқармасының қызметкерлері үнемі байланыста екенін және кілтті тапсыруға дайын екенін хабарлаған). Пәтер кілті Алматы қаласы әкімінің спортты қадағалайтын орынбасары Шаханов Б.М. тарапынан салтанатты түрде табысталады.

Алматы қаласының спорт басқармасы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#олимпиада #жүлдегер #пәтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49

Алматыда азық-түлік инфляциясы үш айда 3,1% болды

Бүгін 17:44

Алматының 2026-2028 жылдарға арналған ірі жобалары: IT, автокөлік өндірісі және фармацевтика

Бүгін 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика