Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық неонатологтар халықаралық оқудан өтті

Алматылық неонатологтар халықаралық оқудан өтті

Медицина 08.07.2022, 11:37 1,892
Алматылық неонатологтар халықаралық оқудан өтті
Суреттер: Almaty-akshamy.kz

«Неонаталды қарқынды терапиядағы өзекті мәселелер» тақырыбында 5 күндік халықаралық кластағы симуляциялық тренинг  аяқталды.


Халықаралық тренинг Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Іс-шараға қаладағы барлық перзентханалардың, перинаталдық орталықтардың, акушерлік және гинекология ғылыми орталығының балалар реаниматологтары мен анестезиологтары, неонатологтары, сондай-ақ балалар ауруханаларының қызметкерлері қатысты.



Тренинг аясында көптеген мәселелер талқыланды. Мысалға алсақ: өкпенің инвазиялық желдетілуі негіздері, тыныс алу механикасы, газ алмасудың патофизиологиясы, респираторлық қамтамасыз ету әдістері мен режимдерінің жіктелімі, adaptive, set-point таргеттеу әдісімен басқарылатын қысыммен өкпені желдету, инвазивті емес респираторлық  қолдауды қамтамасыз ету және мониторинг, неонатологиядағы әртүрлі патологиялар кезіндегі инвазивті респираторлық қолдаудың ерекшеліктері және өзге де мәселелер.


Бас дәрігердің неонатология бойынша орынбасары Елена Плужникова атап өткендей, бұл оқыту өте тиімді, өйткені теория практикамен ұштасты.



 «Барлық 5 күн бойы бір жағынан жаңа туылған, әсіресе экстремалды дене салмағындағы нәрестелердегі өкпенің жасанды желдетілуі саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық зерттеулердің материалдарын пайдалана отырып, теория жүргізілді. Бұл тақырып бойынша өте кең, көлемді материал ұсынылды, екінші жағынан, практикалық тренингтер күн сайын өткізілді, яғни аппаратура нақты жұмыс режимінде шынымен қолданылды, оның аясында тәжірибедегі әртүрлі режимдерді тексеруге болады. Бұл бізге әсіресе жаңа туған нәрестелерге арналған неонатология саласында қолданылатын заманауи техникада, заманауи ӨЖЖ аппараттардың мүмкіндіктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Расында, техника жетілуде және заман ағымына ілесе жүру керек. Жоғары кластағы аппаратура келген кезде, негізгі режимдер мен баптаулардан басқа, пациентті оған арналған жеке режимде жүргізуге, осы нақты пациент үшін ең қолайлы параметрлерді таңдау мүмкіндігі болады - бұл өте маңызды және осы оқу бізге осыны берді. Яғни, біз заманауи техникамыздың мүмкіндіктерін кеңірек және тереңірек пайдалана аламыз, жеке пациенттердегі әртүрлі патологиялық жағдайларды ескере отырып, параметрлерді реттей аламыз. Кейіннен бұл, әрине, нәрестелерге күтім жасау сапасына әсер етеді, тіпті нәрестелердің өкпені жасанды желдету аппаратындағы күндерін айтарлықтай азайтады. Ал бұл өте маңызды, бала аппаратта қаншалықты аз жатса, соғұрлым тезірек бейімделіп, өздігінен тыныс алуға ауыса алады, бұл болашақта оның денсаулығына әлдеқайда жақсы болжам жасауға ықпал етеді», - деп атап өтті дәрігер.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#халықаралық оқулар #медицина #тренинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03

"Аяғымды кесіп тастауы мүмкін": Бетперде киген жігіт 15 жастағы қызға үй мен қаражат сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 16:42

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика