конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматылық мемлекеттік қызметкерлер қоғаммен байлан...

Алматылық мемлекеттік қызметкерлер қоғаммен байланыстың заманауи әдістерін меңгерді

Алматы 29.05.2026, 15:44 228 yakiya
Алматылық мемлекеттік қызметкерлер қоғаммен байланыстың заманауи әдістерін меңгерді

Алматылық мемлекеттік қызметкерлер қоғаммен байланыстың заманауи әдістерін меңгерді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы тиімді коммуникацияны дамытуға, сындарлы диалог мәдениетін нығайтуға және кикілжіңнің алдын алу мен оларды шешудің заманауи тәсілдерін енгізуге бағытталған «Шекарасыз коммуникация: жанжалды жағдайларды шешу» атты семинар-тренинг ұйымдастырды.

Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде қала аудандары әкімдерінің орынбасарлары, сарапшылар, құқық қорғау саласының өкілдері, медиамамандар мен белсенді тұрғындар қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – қоғамдық келісімді нығайту, өзара түсінісу мәдениетін дамыту және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру.

Іс-шараның модераторы Бекнұр Сейтжанұлы Кисиков құттықтау сөз сөйлеп, қоғамдағы сенімді нығайту, ашық диалог қалыптастыру және коммуникативтік құзыреттерді дамыту әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды факторларының бірі екенін атап өтті.

Семинар барысында спикерлер жанжалды жағдайларды басқару, медиа-коммуникация, құқықтық сауаттылық және қоғамдық қатынастар мәдениеті тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар спикерлері қатарында тарих ғылымдарының кандидаты, халықаралық деңгейдегі тренер, конфликтолог Жұмақаева Бақыт Дәулетханқызы, медиаменеджер, UNESCO Clubs KZ елшісі, Америкалық Бери Фаулер академиясының тренер-коуч Есен Махаббат Құрмантайқызы, адвокат, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Қалиева Жәмилә Болатқызы, Алматы қаласы Алмалы ауданы прокуратурасының аға прокуроры Әбдікәрімова Әсел Салманқызы бар.

Іс-шара аясында қатысушылар практикалық кейстерді талқылап, сындарлы коммуникация дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар жанжалдардың алдын алу, құқықтық және психологиялық қолдау тетіктері, бейбіт диалог мәдениетін қалыптастыру мәселелері қарастырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматтағы іс-шаралар қоғамдағы өзара сенімді арттыруға, тиімді коммуникация орнатуға және қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етеді.

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Семинар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әлемдік UBTECH компаниясының шетелдегі алғашқы робот зауыты салынады

Бүгін 18:10

Маңғыстауда төрт адамның өліміне себеп болған жүргізуші 5 жылға сотталды

Бүгін 17:19

Алматыда алдағы аптап ыстыққа байланысты көшелерде аэрация жұмыстары ұйымдастырылады

Бүгін 16:26

Алматыда Summer Relay кешкі жүгіру эстафетасына байланысты сенбі күні көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:08

Алматыда қала келбетін дизайн-код талаптарына сәйкестендіру жұмыстары басталады

Бүгін 15:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);