AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Лайфстайл / Алматылық дәрігерлер жаттығу кезінде омыртқасы сын...

Алматылық дәрігерлер жаттығу кезінде омыртқасы сынған жасөспірімді аман алып қалды

Лайфстайл 04.05.2026, 11:21 194 Сұлу
Алматылық дәрігерлер жаттығу кезінде омыртқасы сынған жасөспірімді аман алып қалды
depositphotos.com

Алматылық нейрохирургтер жаттығу кезінде мойнынан ауыр жарақат алған жасөспірімге күрделі ота жасап, өміріне төнген қатердің бетін қайтарды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында жаттығу барысында мойын омыртқасынан ауыр жарақат алған 14 жастағы спортшыға ота жасалды.

Оқиға шамамен екі ай бұрын күрес үйірмесіндегі жаттығу кезінде болған. Белдесу барысында жасөспірім басымен төмен құлаған. Құлаған сәтте мойны қатты ауырып, кейін әлсіздік, бозару және қолының ұюы байқалған. Жағдайы жақсармаған соң, отбасы дәрігер көмегіне жүгінген.

Тексеру кезінде дәрігерлер мойын омыртқаларының бірінің сынғанын және омыртқалар түйіскен тұста ығысудың барын анықтады. Бұл жұлынға зақым келтіруі мүмкін аса қауіпті жағдай еді.

Жасөспірім шұғыл түрде ауруханаға жатқызылып, оған ота жасалды. Дәрігерлер зақымданған омыртқаны өз орнына келтіріп, мойын бөлігінің дұрыс бітуі үшін арнайы тәсілмен бекітті.

Ота шеберлік сабағы түрінде өтіп, оған тәжірибелі жұлын нейрохирургі Тимур Айтмұханов пен орталық мамандары қатысты.

Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рахым Аханның айтуынша:

«Мойын омыртқасының жарақаты - ең қауіпті зақымдардың бірі. Бұл жағдайда дер кезінде ота жасап, ауыр асқынудың алдын алдық. Қазір баланың жағдайы тұрақты, сауығып келеді».

Емнен кейін жасөспірімнің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, ол үйіне шығарылды. Алдағы уақытта тұрғылықты жеріндегі дәрігерлердің бақылауымен оңалту шараларынан өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігерлер #Омыртқа #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Халық әуені" әуелейтін мереке

Бүгін 09:02

Қазақстанның басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:32

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Кеше 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Кеше 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Кеше 21:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);