AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық бақылаушылар учаскелік сайлау комиссияла...

Алматылық бақылаушылар учаскелік сайлау комиссиялары сайлау күні кәсіби дайындықтарын көрсетті деп санайды

Әлеумет 20.03.2023, 10:59 976
Алматылық бақылаушылар учаскелік сайлау комиссиялары сайлау күні кәсіби дайындықтарын көрсетті деп санайды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Дауыс беру күні сайлау комиссияларына артылған жүк ауқымы зор болды, бірнеше бюллетень, бір жағынан кандидаттар саны көп болды. Соған қарамай, сайлау комиссиясының өкілдері дауыс беру процесін кәсіби тұрғыда атқарды. Бақылаушылар мектебінің жетекшісі Александр Братенков осылай санайды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



«Дауыс беру процесінде негізгі жұмыс сайлау комиссяларына байланысты екені сөзсіз. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері барынша білікті және құзыретті болулары керек. Учаскелік комиссия мүшесінің әрқайсысы заңнаманы білуге қатысты кәсіби дайындықтан өтеді. Алматыда сайлау комиссиясы мүшелерінің біліктілік деңгейі айтарлықтай жоғары», - деп атап өтті спикер. 



Әріптесінің пікірін Алматы Азаматтық альянсының төрағасы Қайыржан Абдыхалықов да құптайды. 



«Біздің өзіміз де сайлаушы ретінде дауысымызды бердік. Мен өзімнің сайлау учаскемде дауыс бердім. Учаскелік сайлау комиссиясының жұмысын іштен де бақылап көрдім. Менің сайлау учаскемде бәрі жүйелі түрде ұйымдастырылған. Сайлау комиссиясының мүшелері бюллетень бойынша да, тізім бойынша да жұмыстарын ойдағыдай атқарды. Сайлаушы ретінде маған барлық құқығымды түсіндірді»,- деп бөлісті ол.



Сонымен бірге, спикерлердің айтуынша, бақылаушылар ешқандай жүйелі заң бұзушылықтарды байқамаған. Алматыда сайлау барысы штаттық режимде өткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сайлау #бақылаушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35

Алматы кітапханасында Ілия Жақановтың сазды әндері шырқалды

Бүгін 11:19

Алматыда автобус жолақтары мен веложолдар желісі кеңейтіліп, бірқатар көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі

Бүгін 11:11

Алматыда «BIR TOLQYNDA» жобасы аясында жастармен ашық диалог өтті

Бүгін 11:09

Алматы әкімдігі Горький атындағы орталық саябақтағы 5 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарады

Бүгін 11:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);