AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық ақсақалдар жастарға үндеу жасады

Алматылық ақсақалдар жастарға үндеу жасады

Әлеумет 14.03.2022, 10:30 1,466
Алматылық ақсақалдар жастарға үндеу жасады
Сурет: Vokrugsveta.ru

Аталық тілек, ақсақалдық ниет.


Алматылық ақсақалдар жастарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  


«Құрметті жерлестер! Алматылық жастар! Біз, Алматы қаласының ақсақалдар қауымы, қазір қоғамда боп жатқан кейбір жағдайларға қатысты аса алаңдаулымыз. Расын айту керек, күтпеген жерден басталған қайғылы қаңтар оқиғасы баршамызды есеңгіретіп кетті.


«Егемендік алып, еңсе тіктеу әсте-әсте, елдіктен айырылып қалу бір сәтте» екендігін көрдік. Сырттан сыналап кіріп, қоғамды іштен іріткісі келген қаскүнемдер мен қылмыскерлер тәуелсіздігіміздің тұғырын шайқап, төңкеріп тастай жаздады.


Президентіміздің дер кезінде қабылдаған шұғыл шешімдері арқасында батыл тәуекелге барып, ширақ қимылдағанының нәтижесінде ғана киелі азаттығымызды сақтап қала алдық. Қоғам ішінде жүріп, қарапайым тұрғындармен күнделікті кездесіп жүрміз. Сол азаматтар қазір көшеде топтасқан адамдар тобы көрінсе, үрейленіп, шошитындарын айтады. Бейбіт халық қатты қорқып қалған.


Әсіресе, Алматы қаласы содырлардың сойқанынан көп зардап шекті. Қаншама ғимарат өртке оранып, сауда орындары тоналып, адам шығыны орын алды? Бүгінгі таңда қала әкімдігі сол оқиғалардың салдарын жоюға барын салып жатыр.


Қираған, өртенген ғимараттар мен сауда орындарын қалпына келтіріп, шығынға батқан кәсіпкерлерді қолдап, жастарға жаңа жұмыс орындарын ашуға әрекеттенуде.


Бізге қазір осы өткен оқиғаларды дұрыстап саралап, салқын ақылмен, салиқалы сабырмен кеткен қателіктермен жұмыс жасау қажет. Ол үшін қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығы аса маңызды.


Өкінішке қарай, кейінгі кезде Алматымызда шерулеткен митингілер мен айқайға аттан қосқан жиындар қайтадан көбейіп кетті. Оның өзі байырқалы жиын, басалқы кеңес құру болса, құба-құп.


Қалың топтың ортасына кіріп алып, кейбір теріс пиғылды, арам ойлы арандатушылар ел арасына іріткі салатын ұрандар көтеріп, қоғам шаңырағын шайқап, бірлігімізді ірітуді көздегендей.


Сөз жоқ, қазақ халқының тарихында «Күлтөбенің басында күнде жиын жасайтын» заман болды. Ел ағалары бас қосып, алқа құрып, ақыл-кеңестерімен бөлісті. Бірақ, оның басты ерекшелігі – жөн сөзге тоқтайтын халық болды. Аталы сөзге құлақ асып, парықты пікірге бас иетін мінез бар еді.


Бүгінгі басқосулар керісінше даңғаза дабыр мен бейпіл сөздерге ұласып, қисық-қыңыр, қысыр қиқуларға толып кетті. Ойға алудың өзі ұят саналатын анайы сөздерді қағазға жазып, ұран қылып, ұялмай көкке көтеруді сән көретін сиықсыз салт пайда болды.


Бүгінгі уақыт аумалы-төкпелі заман болып тұр. Айналамыздағы мемлекеттердің тыныштығы бір сәтте бұзылып, бейбіт тұрғындары шұбырып, мемлекеті соғыс отына оранып жатқанын көріп жатырмыз.


Бізге қазір ішкі тыныштық пен мызғымас тұрақтылық ауадай қажет. Жастарды, жалпы қоғамды сабырға шақырамыз! Етек-жеңімізді жиып, қазіргі өтпелі кезеңде жұдырықтай жұмылып, ұйымшылдық танытайық!


Айналамызда, ел ішінде орын алып жатқан кейбір қиыншылықтардың барлығы уақытша. Ел Тәуелсіздігінің кепілі – татулық пен бірлікте. Еліміздің тыныштығы бұзылмасын дейміз. Біздің аталық тілегіміз, ақсақалдық ниетіміз осы.


Ел ішіне кіріп, ылаң салуы көздейтін арандатушылардан сақ болайық. Қоғам болып жұмылып, біртұтас халық болып бірігіп, Президентіміздің айналасына топтаса алсақ, уақытша сынақтардың барлығын еркін еңсереміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, заманымыз бейбіт болсын!»

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үндеу #обращение #жастар #молодежь #ақсақал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);