AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / "Алматыкітап" Димаш Құдайберген туралы "Шексіз муз...

"Алматыкітап" Димаш Құдайберген туралы "Шексіз музыка" атты кітап шығарды

Мәдениет 08.12.2025, 10:49 560
"Алматыкітап" Димаш Құдайберген туралы "Шексіз музыка" атты кітап шығарды
Сурет: Dimashnews.com

«Алматыкітап баспасы» DimashAli продюсерлік орталығының қолдауымен қазақстандық орындаушының шығармашылық жолына арналған жаңа бірегей басылым – «Димаш Құдайберген: Шексіз музыка» атты кітап-альбомды көпшілік назарына ұсынды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Өнері жылдар бойы әлемнің түрлі өңіріндегі тыңдармандарды біріктіріп келе жатқан әртістің кәсіби қалыптасуы осы еңбекте жан-жақты қамтылған.

 

Көлемі үлкен форматта басылған, 289 беттен тұратын альбом Димаштың шығармашылық қызметіне көпқырлы көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Басылымға архивтік фотосуреттер, концерттерден алынған материалдар, сондай-ақ орындаушының жеке естеліктері мен түсіндірмелері енгізілген. Бұл деректер оқырманға әртістің кәсіби дамуын кезең-кезеңімен бақылап, бұрын жарияланбаған шығармашылық сәттерімен танысуға мүмкіндік береді.

Кітап құрылымы музыканттың өмір жолы мен кәсіби өсуіндегі негізгі кезеңдерді сипаттайтын тақырыптық бөлімдерден тұрады. Онда орындаушының халықаралық деңгейде танылуы, оның отбасы мен өнерпаздық бастаулары, әлемнің аса ірі концерттік алаңдарындағы өнер көрсетуі, мәдени жобаларға қатысуы, тыңдармандарымен байланысы және шығармашылық жолы туралы тараулар қамтылған. Сонымен қатар басылымда сахна сыртындағы жұмыс үдерісі мен маңызды оқиғалардың хронологиясына арналған арнайы бөлімдер берілген.

Басылым қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылғандықтан, әртүрлі аудиторияға қолжетімді әрі қазақстандық мәдениеттің кеңінен таныстырылуына септігін тигізеді.

Кітап қазіргі уақытта «Алматыкітап баспасы» фирмалық дүкендеріне түсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Димаш Құдайберген #кітап #Шексіз музыка
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жол апатынан үш жасөспірім қаза тапты

Бүгін 10:27

«Тұран» университетінде XV Turan Model United Nations 2026 конференциясы басталды

Бүгін 09:37

Сенбіде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Бүгін 09:30

Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

Кеше 18:52

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Кеше 18:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика