AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыға «ТМД-ның 2026 жылғы спорт астанасы» серти...

Алматыға «ТМД-ның 2026 жылғы спорт астанасы» сертификаты табысталды

Алматы Бүгін 16:57 45
Алматыға «ТМД-ның 2026 жылғы спорт астанасы» сертификаты табысталды
Алматы әкімдігі

Іс-шара Almaty Marathon аясында Республика алаңында ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

27 қыркүйекте Алматыда қаланың «ТМД-ның 2026 жылғы спорт астанасы» мәртебесін растайтын сертификатты салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Іс-шара 15 жылдық мерейтойын атап өткен Almaty Marathon аясында Республика алаңында ұйымдастырылды. Бұл туралы Алматы қаласы спорт басқармасының өкілдері хабарлады.

Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, ТМД Бас хатшысының орынбасары Нұрлан Сейтимов, Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлы, сондай-ақ ТМД-ға мүше тоғыз мемлекет – Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері қатысты.

Алматыға ТМД-ның спорт астанасы мәртебесі бұған дейін берілген болатын. 2026 жыл бойы осы мәртебе аясында қалада дене шынықтыру мен спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар ірі спорттық іс-шаралар мен бастамалар жүзеге асырылып келеді.

Рәсімнен кейін ТМД-ға мүше мемлекеттердің Дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Кездесу барысында спорт саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелер қаралып, тараптар тәжірибе алмасты және бірлескен жұмыстың алдағы бағыттарын талқылады.

Алматыда Кеңес отырысын өткізу қаланың «ТМД-ның 2026 жылғы спорт астанасы» мәртебесіне ие болған жылында ерекше маңызға ие. Жыл бойы мегаполис халықаралық және республикалық жарыстарды, бұқаралық спорттық іс-шаралар мен басқа да ауқымды додаларды қабылдап келеді.

Алматыда бұқаралық спортты дамытуға, спорт инфрақұрылымын жетілдіруге және тұрғындардың тұрақты түрде дене шынықтырумен айналысуына жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Ірі жарыстарды өткізумен қатар, қала халықаралық спорттық байланыстарды кеңейтіп, тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік жасап келеді.

«ТМД-ның 2026 жылғы спорт астанасы» мәртебесі жыл бойы Алматыда өтетін спорттық іс-шаралар мен халықаралық бастамаларды біріктіріп, ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аянат Жұмағали Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Бүгін 17:15

Мерейтойлық Almaty Marathon-ға қатысқан шетелдіктер саны рекордтық көрсеткішті құрады

Бүгін 16:48

Алматы хайуанаттар бағында маралдардың екі төлі дүниеге келді

Бүгін 16:37

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды

Бүгін 15:58

Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды

Бүгін 15:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);