AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыға шетелдік туристер саны пандемияға дейінгі...

Алматыға шетелдік туристер саны пандемияға дейінгі деңгейден асып түсті

Мәдениет 04.04.2024, 05:36 1,182
Алматыға шетелдік туристер саны пандемияға дейінгі деңгейден асып түсті
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылы Алматыға туристердің жалпы саны 2 038 417 адамды құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 12,6%-ға және 2019 жылғы пандемия алдындағы деңгейден 52,7%-ға артық.


Шетелдік туристер санының 2022 жылмен салыстырғанда өсімі 29,5%-ды (540 744 адам) құрады, бұл Алматыны Қазақстанның басқа қалалары арасында көшбасшы екенін айқындады. 2019 жылмен салыстырғанда қаладағы шетелдік туристер саны 24,1%-ға өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Туризм саласында жұмыспен қамтылғандар саны 10,4%-ға өсіп, 80 983 адамды немесе Алматы қаласының жалпы жұмыс істейтін халқының 7,7%-ын құрады. Туризм саласына инвестицияның 47,7%-ға өсімі 106,4 млрд. теңгеге жетті, бұл негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемінің 6%-ы.


Өткен жылы Алматы қаласының туризм секторындағы салық түсімдері 64%-ға өсіп, 71,7 млрд. теңгені құраса, жергілікті бюджеттің жалпы салықтық түсімдеріндегі үлесі 5%-ға жетті.


Қалалық туризм басқармасының мәліметінше, көрсеткіштердің өсуі Алматының туристік бағыт ретінде тартымдылығының артқанын көрсетеді. Өз кезегінде туристік қызметтер мен инфрақұрылымға сұраныстың артуы туризм саласына инвесторлар тарту үшін, жаңа жұмыс орындарын құру және сапалы қызмет көрсетуді үшін жақсы көрсеткіш.


2023 жылы туризмді дамытуға жергілікті бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлінді. Бұл ретте жұмсалған 1 теңге салық түрінде бюджетке 34,14 теңге көлемінде қайтарылды, бұл туризм саласының қала экономикасына қосқан оң үлесі мен тиімділігін көрсетеді.


Соңғы 5 жылда Алматыда 1345 нөмірі бар 12 қонақүй ашылды, оның ішінде желілік қонақүйлер де бар (Hilton, Accor және InterContinental). 2027 жылы бөлмелер санын 1,5 есе ұлғайтып, 17 мың бөлмеге жеткізу жоспарлануда. Ағымдағы жылдың маусым айында Алматы халықаралық әуежайында екі есе көп келушілерді (14 млн адамға дейін) қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа жолаушылар терминалын іске қосу күтілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #турист #Пандемия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);