AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыға миллиондаған аудиториясы бар қытайлық бло...

Алматыға миллиондаған аудиториясы бар қытайлық блогер Тао Тао келді

Алматы 19.03.2026, 10:48 176 Сұлу
Алматыға миллиондаған аудиториясы бар қытайлық блогер Тао Тао келді
Алматы әкімдігі

Алматыға Instagram желісінде 2,8 миллионнан астам оқырманы бар танымал қытайлық блогер Tao Tao (taotaoaima) келді. Блогердің сапары 16-17 наурыз күндері Almaty Tourism Bureau қолдауымен ұйымдастырылдЫ, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сапар аясында блогер шаһардың туристік әлеуетімен және оның бірегей мәдениетімен танысты. Мегаполистің көрікті жерлерін аралаған блогер Qazaq Riders этнокешеніне, сондай-ақ қаланың гастрономиялық әртүрлілігін көрсететін Yurta және Pekin Duck мейрамханаларына барды.

Qazaq Riders аумағында блогердің қазақтың ұлттық киімін киіп, ат мәдениетінің элементтерімен танысқан сәттері бейнетаспаға түсірілді. Этномәдени бағдарлама аясында дәстүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, ол атқа мініп көрді.

Сапар барысында Tao Tao әлеуметтік желілерде белсенді түрде контент жариялап, Алматының атмосферасын, табиғи ландшафттарын және мәдени әртүрлілігін көрсетті. Жылқы, этномәдениет және lifestyle тақырыптарына маманданған блогердің жазбалары әдетте миллиондаған қаралым жинап, аудиторияның жоғары қызығушылығын тудырады.

Алматы Қытайдан келетін туристер үшін ең тартымды бағыттардың бірі ретінде позициясын нығайтып келеді. Миллиондаған аудиториясы бар блогердің сапары қалаға деген қызығушылықты арттырып, оны Қытай нарығында ілгерілетуге ықпал етеді. 2025 жылы 9 айдың қорытындысы бойынша Алматыға ҚХР-дан 102,1 мың турист келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 39,2%-ға көп.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қытай #блогер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Бүгін 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52

Екі алтын: Қазақстан триатлоннан Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды

Бүгін 11:35

Қазақстандық студенттер әзірлеген ЖИ жобасы АҚШ-та жеңіске жетті

Бүгін 10:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);