AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыға еріктілер қалай көмектесіп жүр: қала жоба...

Алматыға еріктілер қалай көмектесіп жүр: қала жобаларына 58 мыңнан астам ерікті қатысады

Алматы 17.07.2026, 16:07 406
Алматыға еріктілер қалай көмектесіп жүр: қала жобаларына 58 мыңнан астам ерікті қатысады
Алматы әкімдігі

Алматыда еріктілік қозғалыс қарқынды дамып келеді. Бүгінде қалада экологиялық, әлеуметтік, патриоттық және қайырымдылық жобаларды жүзеге асыруға атсалысып жүрген 58 мыңнан астам ерікті бар. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Еріктілер «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» бастамаларын іске асыруға белсенді қатысады, халықтың әлеуметтік осал санаттарына көмек көрсетеді, экологиялық акцияларға, мәдени және спорттық іс-шараларға атсалысады, сондай-ақ өздерінің қоғамдық жобаларын жүзеге асырып келеді.

Солардың бірі қалалық аумақтарды тазартуға бағытталған Project Virus экологиялық жобасы. Бүгінде бұл бастама Алматыдан басқа жерлерде де жалғасып, Қазақстанның тоғыз қаласында қолға алынған. Жобаға 5 мыңнан астам ерікті жұмылдырылған.

Сондай-ақ, Lider.kz іздестіру қозғалысының еріктілері де маңызды үлес қосып келеді. Жоба жұмысына 8 мыңнан астам ерікті тартылған. Олардың көмегімен із-түзсіз жоғалған 350 адам табылды.

Әлеуметтік осал отбасылар мен жетім балаларға атаулы көмек көрсететін Zharyq Volunteers ұйымының қызметі де ерекше маңызға ие. Соңғы бір жылдың ішінде олардың қолдауына 800-ден астам отбасы ие болды.

Қалалық Жастар саясаты басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бүгінде еріктілер экология, әлеуметтік көмек, мәдениет пен спорт, қауіпсіздік, медиа, кәсіпкерлікті дамыту және еріктілік институтты дамыту сияқты сегіз негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді. Еріктілік қозғалысты дамыту қаладағы жастар саясатының басым бағыттарының бірі болып қала береді және тұрғындарды қоғамдық маңызы бар бастамаларды жүзеге асыруға кеңінен тартуға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Бүгін 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Бүгін 19:15

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 18:03

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Бүгін 16:54

Алматыда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);