Алматыдан Бангкокқа жаңа тікелей рейстер ашылады

Алматыдан Бангкокқа жаңа тікелей рейстер ашылады Элеонора Якия

Алматы әкімдігі 1 желтоқсаннан бастап Бангкоктан Алматыға жаңа тікелей рейс ашылатынын айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматы Туризм басқармасының мәліметінше, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген саяхатшылар тарапынан қалаға деген қызығушылық тұрақты өсіп келе жатыр.

Алғашқы рейс 2025 жылдың 1 желтоқсанында жоспарланып отыр.
Бұл жөнінде Туризм басқармасының басшылығы мен Thai AirAsia Х әуе компаниясының бас атқарушы директоры Паттра Бусаравонгсе бастаған делегация кездесуінде келісілді.

"Алматының Туризм басқармасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген саяхатшылар тарапынан қалаға деген қызығушылықтың тұрақты өсіп келе жатқанын хабарлады. Рейсті ашу және AirAsia-мен бірлескен маркетингтік бастамалар Алматыны халықаралық аренада барынша қолжетімді әрі танымал туристік бағытқа айналдырады", - деп жазылған хабарламада.

Бангкокта орналасқан Thai AirAsia Х әуе компаниясы 2013 жылы құрылған. Бүгінде әуе компаниясы бүкіл Азия бойынша алыс маршруттарда ұшудың жайлылығын қамтамасыз ететін тоғыз әуе кемесін басқарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:34

12:29

12:18

12:13

12:12

12:02

11:56

11:31

11:11

10:58

10:45

10:37

10:15

10:07

09:55

09:37

09:15

09:00

08:45

18:47

17:56

17:39

17:18

17:01

16:53