AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы Зерделі шағынауданында жаңа мектеп құры...

Алматыдағы Зерделі шағынауданында жаңа мектеп құрылысы аяқталуға жақын

Әлеумет 19.05.2026, 15:36 597
Алматыдағы Зерделі шағынауданында жаңа мектеп құрылысы аяқталуға жақын

Алматыдағы Зерделі шағынауданында жаңа мектеп құрылысы аяқталуға жақын, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жаңа оқу жылында Алматының Алатау ауданындағы Зерделі шағынауданында 550 орынға арналған заманауи мектеп ашылады.

Жалпы аумағы 7,4 мың шаршы метр болатын үш қабатты ғимарат 5-11 сынып оқушылары үшін жайлы білім беру кеңістігіне айналмақ. Жоба аясында оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылық және зияткерлік дамуына қажетті заманауи жағдай қарастырылған. Әр сыныпта 25 оқушыға дейін болады.

Қалалық Құрылыс басқармасының бас маманы Ербол Османовтың айтуынша, қазіргі уақытта нысанда іске қосу-баптау жұмыстары жүргізіліп, ұсақ ескертулер түзетілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары толықтай бір ай ішінде аяқталады деп жоспарланып отыр.

Мектепте 22 оқу кабинеті болады. Оның ішінде физика, химия және биология зертханалары, мультимедиялық кабинет, екі компьютерлік сынып және робототехника кабинеттері бар. Сондай-ақ, спорт залы, 162 орындық акт залы, оқу залы бар кітапхана, медиатека және 12 мың дана оқулық сақтауға арналған қор жұмыс істейді.

Ғимараттың бірінші қабатында 229 орындық асхана, барлық сыныптарға арналған гардероб аймақтары, әкімшілік бөлмелер мен оқу шеберханалары орналасады.

Мектептің аумағы 2,3 гектар. Мұнда спорт және ойын алаңдары салынып, кешенді көріктендіру мен көгалдандыру жұмыстары жүргізілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда республикалық театр фестивалі басталды

Бүгін 20:19

Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларына қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есеп

Бүгін 18:17

Экологтар City Run жарысы кезінде Алматы орталығындағы ауа сапасын өлшеді

Бүгін 16:48

Рекордтар, жапондық танымал спортшы және 66 елден келген желаяқтар: Алматыда мерейтойлық жүгіру маусымы аяқталды

Бүгін 13:26

Алматыдағы спорт мектебінің ғимараты жанып кетті

Бүгін 13:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);