AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы Вознесенский соборы: ЮНЕСКО жолы ұзақ,...

Алматыдағы Вознесенский соборы: ЮНЕСКО жолы ұзақ, бірақ бағыт айқын

Алматы Бүгін 13:32 60
Алматыдағы Вознесенский соборы: ЮНЕСКО жолы ұзақ, бірақ бағыт айқын

Президент жаңа өтінімдерді дайындауды тапсырған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыдағы Вознесенский кафедральды соборын көпшілік жақсы біледі. 1904-1907 жылдары ағаштан салынған ғимарат жобасын сәулетші К.Борисоглебский жасап, А.Зенков жетілдірген. Бұл ғимарат ЮНЕСКО тізімінде әлі жоқ, бірақ Бүкіләлемдік мұра есебіндегі жәдігерлер санатына енуге талпыныс жасала бастағаны анық.

Жылдың басында Мәдениет және ақпарат министрлігінің сол кездегі басшысы Аида Балаева Жаркент мешітін, Вознесенский соборын және Қаратау жотасының петроглифтерін тізімге ұсыну жоспарымен бөлісіп, Номинациялық құжаттар 2026–2027 жылдары дайындалатынын мәлімдеген.

Күзге қарай Қазақстан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра орталығына жаңа сериялық номинацияны алдын ала бағалауға сұраныс жіберді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында осы екі ескерткіштің ЮНЕСКО-ның Алдын ала тізіміне енгенін жариялады.

Алдын ала тізімге кіру – ЮНЕСКО тізіміне енудің өзі емес. Бұл – толыққанды өтінім беруге дейінгі міндетті сатылардың бірі. Одан кейін құжаттар дайындалып, оны комитет қарайды. Шешімнің қашан шығатыны әзірге белгісіз, сондықтан Вознесенский кафедральды соборы жақын арада тізімге кіреді деп айту ертерек. Собор сияқты, Жетісу облысындағы Жаркент мешіті де түгелдей ағаштан салынған. Екеуі бір серия ретінде, ағаш сәулетінің ескерткіштері ретінде қарастырылуда.

Бүкіләлемдік мұра комитетінің Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында 25 шілдеде өткен 48-сессиясында Маңғыстаудың жартас мешіттері мен онымен байланысты киелі жерлер тізімге енгізілгені белгілі. Осылайша,  еліміздің Бүкіләлемдік мұра тізіміндегі объектілерінің саны 7-ге жетті. Оған Шопан-ата, Қараман-ата, Шақпақ-ата, Сұлтан-үпі және Бекет-ата кешендері кірді.

Бұл тек мешіттердің өзі емес. Әр кешен – тұтас киелі ландшафт: жартастағы мешіт жанында ежелгі қорымдар, діни ұстаздардың  жерленген орындары, киелі құдықтар бар. ЮНЕСКО бұл жердің құндылығын сопылық рухани дәстүр мен көшпенділер мәдениетінің ғасырлар бойы бір-біріне әсер етуінен қалыптасқан бірегей ландшафт ретінде таныды.

ҚР вице-президенті Ерлан Карин бұл жұмыс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қайта жанданып, жаңа деңгейге көтерілгенін жеткізді. Ерлан Тынымбайұлы ол мешіттердің бір кезде дұға оқитын орын да, білім беретін орталық та болғанын, ал жартастар халқымыздың тарихи жады мен ата-баба аманатын сақтап тұрғанын айтты.

Еліміздің киелі объектілері мәртебелі ұйым жасақтайтын тізімге арадағы 22 жылдық үзілістен кейін, яғни биыл еніп отыр. Бұл нәтиже бір күнде келген жоқ. Бес мешіт 2021 жылы Алдын ала тізімге енді. 2024 жылы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Президент бұл жұмысты жандандыруды тапсырды. 2025 жылғы қыркүйекте аймаққа халықаралық сарапшылар келіп, объектіні бағалады. Содан кейін ғана Пусандағы шешім шықты.

Қазір басты міндет – осы мұраны сақтау. Осы орайда, ескерткіштерді қорғау, туристер ағынын реттеу, қауіп-қатерді бағалау және ғылыми зерттеу тұрғысында, 2027–2032 жылдарға арналған жұмыс жоспары дайындалуда. Кешендер зиярат ету орны болып қала береді, ал киелі жерлерді күтетін шырақшылар жұмысын жалғастырады.

Президент жаңа өтінімдерді дайындауды тапсырған. Алматыдағы Вознесенский соборы мен Жаркент мешіті алдын ала тізімде тұр. Одан бөлек, Қаратау петроглифтерін, ал бір деректерде Абайдың «Қара сөздерін» де аталған тізімге ұсыну жөнінде мәселе көтерілгені байқалады. Қысқасы, ЮНЕСКО жолы ұзақ, бірақ бағыт айқын.

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ашық арық желілері мен нөсер кәріздері кеңейтіледі

Бүгін 14:52

Мемлекет басшысы Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновты қабылдады

Бүгін 14:45

«ALMATY THEATRE FEST»: Дәстүр мен жаңашылдық тоғысқан театр мерекесі

Бүгін 14:07

Алматы әкімі Корея Республикасының Елшісімен кездесті

Бүгін 13:52

Қызылордада заңсыз кортеж ұйымдастырған 8 жүргізуші жауапқа тартылды

Бүгін 13:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);