AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда ашық арық желілері мен нөсер кәріздері ке...

Алматыда ашық арық желілері мен нөсер кәріздері кеңейтіледі

Алматы Бүгін 14:52 33
Алматыда ашық арық желілері мен нөсер кәріздері кеңейтіледі
Алматы әкімдігі

Бас жоспарда ашық арықтарды сақтауға ерекше мән берілген, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда ашық арық желісін сақтау, қалпына келтіру және кеңейту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Жыл сайын қала аумағында қолданыстағы арықтар жаңартылып, жаңа желілер салынады.

Биыл бұл жұмыстар қаланың орталық, шығыс және батыс бөліктерін қамтыды. Атап айтқанда, орталық бөлікте 76,6 шақырым, шығыста 30,7 шақырым, ал батыста 37 шақырым арық желісін салу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Қаланың 2040 жылға дейінгі түзетілген Бас жоспарында ашық арықтарды сақтауға ерекше мән берілген. Құжатқа сәйкес, арықтарды құбырларға ауыстыруға тыйым салынады. Ашық арық салуға техникалық мүмкіндік жоқ кейбір учаскелерде ғана құбыр пайдалануға рұқсат етіледі.

«Алматыда арық желісін қысқарту емес, керісінше, кеңейту көзделіп отыр. 2030 жылға дейін кемінде 100 шақырым арық қалпына келтіріліп, әл-Фараби және Абай даңғылдарының бойында жаңа магистральдық арналар салынады. Ал 2040 жылға қарай ашық су бұру желісінің ұзындығын қазіргі 290 шақырымнан 483 шақырымға дейін жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар ұзындығы 357 шақырым болатын жабық нөсер кәрізі салынады. Бұл жүйе қолданыстағы арықтарды алмастырмайды, керісінше олардың жұмысын толықтырады. Жаңа кәріз желілері нөсер жауын кезінде ойпаң аумақтар мен күрделі жол қиылыстарында жиналатын суды тиімді бұруға мүмкіндік береді», – деп хабарлады қала әкімдігінің өкілдері.

Әкімдікте ашық арықтар мен өзендердің қаланың экологиялық жағдайын жақсартудағы маңызына да тоқталды. Олар әсіресе түнгі уақытта ауаны табиғи жолмен салқындатып, ағаштар мен жасыл желектерді ылғалмен қамтамасыз етеді. Осыған байланысты Алматының жаңа Бас жоспарында ашық арық желілерін қаланың су және жасыл инфрақұрылымының ажырамас бөлігі ретінде сақтап, одан әрі дамытуға басымдық берілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Семейде екі ойын-сауық орнының қызметі уақытша тоқтатылды

Бүгін 15:05

Мемлекет басшысы Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновты қабылдады

Бүгін 14:45

«ALMATY THEATRE FEST»: Дәстүр мен жаңашылдық тоғысқан театр мерекесі

Бүгін 14:07

Алматы әкімі Корея Республикасының Елшісімен кездесті

Бүгін 13:52

Алматыдағы Вознесенский соборы: ЮНЕСКО жолы ұзақ, бірақ бағыт айқын

Бүгін 13:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);