конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы Қарасай батыр және Құлымбетов көшелерін...

Алматыдағы Қарасай батыр және Құлымбетов көшелерінде біржақты қозғалыстың пилоттық схемасы іске қосылады

Алматы 29.06.2026, 20:33 161 yakiya
Алматыдағы Қарасай батыр және Құлымбетов көшелерінде біржақты қозғалыстың пилоттық схемасы іске қосылады
Алматы әкімдігі

Алматының Алмалы ауданындағы бірнеше көшеде 30 маусымнан бастап жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасы өзгереді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері хабарлады.

Жаңа схемаға сәйкес біржақты қозғалыс мына учаскелерде енгізіледі:

* Қарасай батыр көшесінде – Розыбакиев көшесінен Варламов көшесіне дейін батыс бағытында;

* Құлымбетов көшесінде – Варламов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін шығыс бағытында.

Өзгерістер Алматы қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жүзеге асырылады. Бұл шаралар көлік қозғалысын жеңілдетуге, көлік жүктемесін азайтуға және жолдағы қауіпті жағдайларды азайтуға бағытталған.

Шешім көлік жағдайына жүргізілген талдау нәтижелері мен тұрғындардың өтініші ескеріле отырып қабылданды. Жаңа схема көлік қозғалысын реттеуге және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік бермек.

Біржақты қозғалыс пилоттық режимде енгізіледі. Мониторинг пен қабылданған шаралардың тиімділігі бағаланғаннан кейін осы учаскедегі жол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты қосымша шешімдер қабылданады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жол қозғалысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

Бүгін 21:21

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

Бүгін 17:51

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы

Бүгін 17:48

Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр

Бүгін 17:15

Бір апта ішінде Қазақстанда қызанақ, жұмыртқа және сүт өнімдерінің бағасы арзандады

Бүгін 17:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);