Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы Пушкин көшесін жаңғырта бастады 

Алматыдағы Пушкин көшесін жаңғырта бастады 

Әлеумет 18.07.2025, 12:41 751
Алматыдағы Пушкин көшесін жаңғырта бастады 
Алматы қаласы әкімдігі

Пушкин көшесінің Райымбек батыр даңғылынан Гоголь көшесіне дейінгі бөлігін абаттандыра бастады. Бұл жұмыс қаланың орталық бөлігін жаңарту бағдарламасының аясында жүзеге аспақ. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры барысында Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы Батырхан Сүлейменов осылай деді.

Пушкин көшесінің аталған бөлігі 2025 жылы толық жаңғыртылады. Жоба Алматы қаласының орталық бөлігін кешенді абаттандыру бағдарламасы шеңберінде іске аспақшы. Жобаға тапсырыс берген – Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы,  жобалауды «Алматыгенплан» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС әзірлеген.

«2023–2024 жылдары «Алматыгенплан» жобалау институты осы көше бойынша үлкен зерттеу жұмысын жүргізген. Сол кезде көшенің туристік әлеуеті өте жоғары екенін анықтадық. Оны адамдар серуендейтін, уақыт өткізе алатын жаяу жүргіншілер кеңістігіне айналдыруға болады. Бұл аудандағы ең тартымды жерге айналуы мүмкін. Қазір біз құрылыс-монтаж жұмыстарына кірістік», – деді Батырхан Сүлейменов.

Жөндеу жұмыстары 6,5 гектар аумақты қамтып, қайта жаңғыртылатын жердің ұзындығы – 1,1 шақырым болмақ. Жоба аясында жаяу жүргіншілер мен көлік инфрақұрылымын жан-жақты абаттандыру көзделген: жасыл аумақтың көлемі 19 619,5 м² құрайды. Жамылғының жалпы аумағы – 45 301,4 м², оның ішінде 18 041,5 м² – асфальтбетон, 25 914,9 м² – бетон тротуар плиткалары. Сонымен қатар, 58 м² резеңке жабынды және 96 м² тактильді плитка төселеді. Бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы болмақ.

«Көшенің екі жағында да абаттандырылған жаяу жүргіншілер аймағы болады. Бірақ бұл жобадағы ең маңызды тұс – Мақатаев көшесінен Райымбек батыр даңғылына дейінгі аралық. Өйткені дәл осы жерде біз жолдың бөлігін тарылтып, жаяу жүргіншілерге арналған кеңістікті ұлғайтамыз. Мұнда толыққанды бульвар салынады. Тіпті оны жақын маңдағы үйлердің тұрғындары мен осы ауданның халқы үшін салған саябақ десек те болады. Бұл орын ауданның өзегіне, тартымды нүктесіне айналады. Сонымен қатар біз тек жаяу жүргіншілердің емес, жүргізушілер мен көлік құралдарының да қажеттілігін ескердік», – деді Батырхан Сүлейменов.

Бұл жоба  осы заманғы қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған, қала инфрақұрылымын жақсартуға арналған үлкен жұмыстың бір бөлігі болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медеу #көшелер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Бүгін 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Бүгін 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Бүгін 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Бүгін 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика