AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қала тынысы / Алматыдағы Отбасын қолдау орталығына былтыр 1,3 мы...

Алматыдағы Отбасын қолдау орталығына былтыр 1,3 мыңнан астам өтініш түсті

Қала тынысы Бүгін 12:16 37
Алматыдағы Отбасын қолдау орталығына былтыр 1,3 мыңнан астам өтініш түсті
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Алматы қаласының Отбасын қолдау орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы Ақмолжан Зарипов қатысқан брифинг болып өтті. Ол мекеме жұмысының нәтижесі туралы баяндады. Спикердің айтуынша, Орталық Алматыдағы әлеуметтік қолдау жүйесінің маңызды буыны саналады және қиын жағдайға тап болған отбасылар мен азаматтарға кешенді көмек көрсетеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Біздің міндет – тек туындаған мәселелерге жауап беру ғана емес, олардың алдын алу. Біз мекемеаралық өзара іс-қимылды жолға қойып, отбасыларды жағдайы толық түзеліп кеткенше сүйемелдейміз», – дейді Зарипов.

Былтыр Орталық 1341 өтінішті қарастырып, оның 1283-ін орындаған. Жұмыс аясында 1566 мемлекеттік қолдау шарасы көрсетілген. Мамандар 527 психологиялық және 325 заңгерлік кеңес берген. 2026 жылдың басынан бері Орталықтың түрлі қызметі 302 адам қамтыды, оның ішінде психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек те бар.

Көшпелі жұмысқа ерекше назар аударылды. Қалада білім беру, денсаулық сақтау мен құқық қорғау саласының өкілдері қатысқан жедел топтар жұмыс істейді. Былтыр олар қолдауға мұқтаж отбасыларға 146 рет барып қайтқан.

«Мобильді топтар жедел әрекет етіп, атаулы көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Әр жағдай бойынша бір жылға дейінгі мерзімге жеке сүйемелдеу жоспары әзірленеді», – деп атап өтті спикер.

Орталық цифрлық шешімдерді де белсенді түрде енгізіп жатыр. Әлеуметтік көмекті көрсетудің FSM Social интеграцияланған жүйесі аясында 3641 маман оқытудан өтті. Бұл мекемеаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттырып, дағдарысқа тап болған отбасыларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік берген.

Бұдан бөлек, ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысы да қолға алынды. Алматыда зорлық-зомбылықтың, буллингтің, сталкинг пен мәжбүрлеп үйлендірудің алдын алу мәселесі бойынша дәрістер, тренингтер және студенттер мен мамандарға арналған кездесулер өте бастады. Орталықта отбасыларды қолдау мен әлеуметтік қолайсыздықтың алдын алу бойынша жұмыс жалғасатынын, бұл ретте бар мәселені ерте анықтап, халыққа көмектің қолжетімділігін арттыруға басымдық берілетініне тоқталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы өзенінің арнасына интерактив арт-нысан орнатылды

Бүгін 14:04

Наурыз әлде Жаңа жыл: Қазақстандықтар осы екі мерекенің қайсысына көбірек шығындалады?

Бүгін 12:51

Алматылық балуандар U23 Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Бүгін 12:30

Алматыдағы Отбасын қолдау орталығы отбасыларды сақтап, балаларды ата-анасына қайтаруға көмектесіп жатыр

Бүгін 12:19

1 сәуірден бастап Алматы мен бүкіл Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау жұмысы толық автоматтандырылған іріктеу жүйесіне көшеді

Бүгін 12:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика