Алматыдағы MEGA орталығында антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді

Алматыдағы MEGA орталығында антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді Сурет: Ашық дереккөз

Оқу-жаттығу кезінде шектеулер қойылады

Алматының Бостандық ауданында орналасқан «MEGA» сауда ойын-сауық орталығында жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 

Терроризмге қарсы күрес бойынша қалалық жедел штабтың мәліметінше, оқу-жаттығудың мақсаты – адам көп шоғырланған жерлерде лаңкестік қауіп төнген жағдайда өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту.

 


«Оқу-жаттығу міндеттері терроризмге осал объектілерде лаңкестік актінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар, оқу-жаттығу кезінде шектеулер қойылатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты азаматтарды өткізгелі жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығуға қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз», - деп хабарлады жедел штабта.

 

Сондай-ақ штабта «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:03

17:27

17:02

16:53

16:44

16:31

16:13

15:56

15:45

15:32

15:21

15:20

15:12

15:02

14:44

14:35

14:28

14:11

13:02

12:41

12:24

12:12

12:01

11:47

11:22