AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет көрс...

Алматыдағы мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет көрсету сапасы талқыланды

Алматы 20.03.2026, 16:11 264 Дина
Алматыдағы мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет көрсету сапасы талқыланды
автордан

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жанындағы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы (ВАЖТ) көшпелі отырыс өткізді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Жиында автокөлік жүргізушілеріне арналған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызмет сапасы, азаматтардың шағымдары және оларды шешу жолдары талқыланды. Отырысқа Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басқарма басшысы  Мақсат Жанбыршиев, жұмыс тобының төрағасы, департамент басшысының орынбасары Нұржан Узбеханов және және ВАЖТ мүшелері қатысты.

Кездесу барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалы ұсынған ақпарат қаралып, қызмет көрсету кезінде туындайтын бірқатар жүйелі мәселелер анықталды. Атап айтқанда, жүргізуші куәлігін алу кезінде азаматтардың ұзақ кезекте тұруы, емтихан процесінің жеткілікті деңгейде ұйымдастырылмауы және қызмет көрсету тәртібіне қатысты шағымдардың жиі түсетіні туралы мәселелер сөз болды.

Жұмыс тобының қорытындысы бойынша теориялық емтихан тапсыратын компьютерлер санын көбейту, қосымша оқу сыныптарын ашу және практикалық емтиханға жазылудың тиімді жүйесін енгізу секілді бірнеше ұсыныс қабылданды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау мәселесі де назардан тыс қалмады. Мәселен, мамандандырылған ХҚКО №4 бөлімінде анықталған кемшіліктерді жою және мүгедектігі бар азаматтарға қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етуді қарастыру қажет екені айтылды.

Жиын қорытындысы бойынша ВАЖТ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, теориялық емтихан тапсыратын компьютерлер санын арттыру, мамандандырылған ХҚКО-ларда медициналық тексеру мекемелерінің санын көбейту мүмкіндігін қарастыру жөнінде нақты ұсыныстар берді.

Мамандардың айтуынша, бұл шаралар мамандандырылған ХҚКО-ларда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Құралай ИМАНБЕКҚЫЗЫ

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);