конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы LRT желісі 2027 жылы іске қосылады

Алматыдағы LRT желісі 2027 жылы іске қосылады

Әлеумет 12.09.2022, 06:51 1,202
Алматыдағы LRT желісі 2027 жылы іске қосылады
Сурет: almaty-lrt.kz


Алматыда жеңіл рельсті көліктің бірінші желісі 2027 жылы іске қосылады. Бұл туралы «Қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларын» бекіту бойынша мәслихаттың кезектен тыс сессиясында әкім орынбасары Асқар Амрин айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Спикердің сөзінше, әлемнің ірі қалаларында азаматтар негізінен жүрдек көлік – метро, LRT, BRT жүреді. Автобус, велосипед, самокат қысқа қашықтыққа жүру үшін қолданылады.


«2025 жылға дейін қолданыстағы BRT желісі «Шығыс қақпасы» полиорталығына дейін ұзартылып, Райымбек даңғылы бойымен жаңа BRT желісі іске қосылады. 2025 жылы Қалқаман метро стансасы пайдалануға беріліп, батыс бағыттағы келесі үш стансаның құрылысы басталады. 2027 жылға қарай Төле би көшесінің бойында жүрдек жеңіл рельсті жолдың бірінші желісін іске қосамыз», - деді әкім орынбасары.

Сонымен қатар ол арнайы жолақтарды енгізу және интеллектуалды көлік жүйесін дамыту арқылы автобустар мен троллейбустардың саны артатынын тілге тиек етті.


LRT желісінің құрылысы 2020 жылға жоспарланған болатын. Жобаның инвестициялық құны – 94 203 млн теңге. 





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жолаушы #көліктер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы құрамасы сурдлимпиадалық спорт түрлерінен IV Спартакиаданың чемпионы атанды

Бүгін 18:07

200 бірінші сынып оқушысына «Балаларды мектепке даярлайық» акциясы аясында көмек көрсетілді

Бүгін 18:05

Алматыда «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» байқауының қалалық жеңімпазы анықталды

Бүгін 18:02

Соңғы бес жылда Қазақстанда 1120 мектеп салынды

Бүгін 18:00

Қазақстанда жыл басынан бері 17 есірткі зертханасы жойылды

Бүгін 17:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);