AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы комьюнити орталықта жастарға арналған ж...

Алматыдағы комьюнити орталықта жастарға арналған жасанды интеллект мектебі ашылды

Әлеумет 11.03.2025, 09:07 636 Bakyt
Алматыдағы комьюнити орталықта жастарға арналған жасанды интеллект мектебі ашылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда жаңа білім беру жобасы – Жасанды интеллект мектебі өз жұмысын Алмалы ауданындағы комьюнити-орталық базасында бастайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл бастама Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Qazaq IT Community серіктестігі аясында жүзеге асырылып, жастарды дамытуға бағытталған.

Жоба аясында алматылық жастар жасанды интеллект технологияларын тегін үйреніп, заманауи AI-құралдарын меңгеріп, оларды оқу, зерттеу және болашақ кәсіби қызметінде қолдана алады. Оқу бағдарламасы машиналық оқыту алгоритмдерін, нейрондық желілердің негіздерін, деректермен жұмыс істеуді және AI-ды түрлі салаларда пайдалануды практикалық түрде оқытуды қамтиды.

«Жасанды интеллекттің дамуы – жай ғана тренд емес, бұл Қазақстанның әлемдік технологиялық аренада белсенді ойыншыға айналуына апаратын болашақтың кілті. Алмалы ауданындағы комьюнити-орталықта ЖИ мектебінің ашылуы – Алматыда мықты IT-қоғамдастық құру жолындағы маңызды қадам. Бұл жерде жастар заманауи технологияларды меңгеріп, озық білімге қол жеткізеді. Біз бұл білімнің жастарға тек болашағы зор мамандықтарды игеруге ғана емес, сонымен қатар инновациялық шешімдерді жасауға көмектесетініне сенімдіміз», – деп атап өтті Qazaq IT Community негізін қалаушы Әсем Болатжан.       

Айта кету керек, Алматыда жастарға арналған 11 комьюнити-орталық жұмыс істейді, олар қаланың әр ауданында орналасқан. Әрбір комьюнити-орталық – бұл жастарды қолдауға бағытталған креативті қоғамдық кеңістік. Мұнда мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру, психологиялық және заңгерлік көмек, NEET-жастарға қысқа мерзімді курстар арқылы заманауи мамандықтарды үйрету және жұмыспен қамту шаралары қарастырылған.

«Мен жасанды интеллект технологияларына бұрыннан қызығатынмын, бірақ неден бастарымды білмедім. Осы мектептің арқасында мен заманауи AI-құралдарына қол жеткізіп, оларды оқуымда қолдана бастадым. Бұл – Алматы жастары үшін керемет мүмкіндік!» – деп өз әсерімен алғашқы қатысушылардың бірі, студент Айбек Сарсенов бөлісті.

Оқытуға жазылу үшін жастар Алмалы ауданындағы комьюнити-орталыққа Байтурсынұлы 22к1 мекенжайы бойынша жүгіне алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жасанды интеллект #технология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);