AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы кәсіпорындардың ұжымында 15 шілдеден ба...

Алматыдағы кәсіпорындардың ұжымында 15 шілдеден бастап екпенің бар-жоғы тексеріледі

Әлеумет 03.07.2021, 13:39 2,061
Алматыдағы кәсіпорындардың ұжымында 15 шілдеден бастап екпенің бар-жоғы тексеріледі
Сурет: Liter.kz

Енді жаңа қаулыға байланысты барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен мекемелер ұжымдарын вакциналау басталды. 



Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қауіпті індеттің адамның бойындағы ауруды асқындыратынын, сондықтан ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцина салдыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қазіргі кезде қаланың екпе пункттерінде коронавирустың мутацияланған штамдарына қарсы вакциналардың жеткілікті саны бар екенін хабарлады.



«Біз коронавирус дертінің өршуіне жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Қала әкімдігі, медициналық қауымдастық, санитарлық қызметтер жағдайды тұрақтандыру үшін барлығын жасауда. Қауіптің алдын алу үшін  қала тұрғындарына вакцина қажет. Бұл – вирустан қорғанудың және оған қарсы тұрудың жалғыз жолы», – деді Жандарбек Бекшин. 



Жандарбек Бекшин 15 шілдеден кейін мониторинг топтарының ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес ұжым мүшелеріне вакцина міндетті түрде салынуы тиіс мекемелердің барлығының тексерілетінін ескертті. 


Еске салсақ, 1 ақпан мен 2 шілде аралығында Алматыда 487 736 адам вакцина алды. Өткен тәулікте 15 292 адам екпе салдырды. 60 жастан жоғары вакцина алғандар саны 81 202 адамды құрайды. 


Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен қаланың СОСО-да 211 вакцина пункті жұмыс істейді. Құрамында 1 257 адам бар 304 екпе бригадасы жұмыс жасауда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #акимат #волонтер #награждение #Алматы #кәсіпорын #екпе #Бекшин #тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Кеше 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Кеше 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Кеше 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Кеше 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Кеше 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);