Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы ІІМ Академиясына қалай түсуге болады

Алматыдағы ІІМ Академиясына қалай түсуге болады

Әлеумет 02.07.2024, 11:41 4,074
Алматыдағы ІІМ Академиясына қалай түсуге болады
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР IIM Алматы академиясының кәсіби даярлық факультеті бастығының орынбасары, Полиция полковнигі Әділ Тулмағанбетовтың қатысуымен брифинг өтті, ол оқуға түсу кезіндегі негізгі талаптар туралы айтып берді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Мақан Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясы ҚР Ішкі істер министрлігінің жетекші оқу орындарының бірі болып табылады.

Академия «Құқық қорғау қызметі», «Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету», «ІІО- ІТ кримимналистикалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» бағыттары бойынша мамандар даярлайды.

“Біздің оқу орнымыз бірнеше бағыттар бойынша мамандарды даярлауға бағытталған: киберқылмыстарға қарсы күресті жүргізетін бөлімшелер үшін, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру, ІІО ІТ- криминалистикалық қызметін қамтамасыз ету, сондай – ақ техникалық бағыттар үшін-ақпараттық жүйелер (деректер базасы)”, -  деді Әділ Тулмағанбетов.

Академияда оқудың артықшылығы ретінде ол мыналарды атап өтті:

- мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға қабылдау және оқыту, жайлы жабдықталған жатақханада тұру, заманауи техникамен жабдықталған аудиторияларда оқу, стипендия алу, тамақпен, оқуға қажетті киім-кешекпен қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету, тегін спорт секциялары (тренажер және күрес залдары, сондай-ақ олимпиадалық стандарттарға сай келетін бокс рингі), тұрғылықты жеріне тегін жол жүру және кері қайту  (поездбен);
- күндізгі оқу нысаны бойынша оқу мерзімі мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі;
- толық оқу курсын аяқтаған әрбір түлек 100% жұмысқа орналасады;
– оқуды аяқтағаннан кейін түлектерге «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы Бакалавр» біліктілігі тағайындалып, мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі, сондай-ақ "полиция лейтенанты" арнайы атағы беріледі.

Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуға орта білімі бар, он алты жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Ол үшін:

Оқуға ақпан-мамыр айлары аралығында оқуға түсуші тұрғылықты жері бойынша полиция бөліміне жүгінуі немесе тікелей қабылдауға тиісті құжаттарды рәсімдеу үшін Алматы академиясының сайтына https://alpolac.edu.kz/ сілтемесі бойынша кіруі қажет. Оқуға түсу үшін ағымдағы жылдың мамыр-шілде айлары аралығында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру қажет.

«Құқық қорғау қызметі», «Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету», «ІІО- ІТ кримимналистикалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсушілер үшін (шығармашылық емтиханнан басқа)  кез келген екі бейіндік пәнді таңдауға болады.

"Ақпараттық жүйелер және технологиялар" білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін екі бейіндік пән таңдалуы тиіс 1. "Математика" және 2. "Физика".

Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50 балл, оның ішінде әрбір пән бойынша кемінде 5 балл жинау қажет, сонымен қатар «оқу сауаттылығы және математикалық сауаттылық» шекті балл кемінде 3 балл жинау қажет.

 ӨКҚ спикері ҰБТ, медициналық куәландырудан сәтті өткен адамдар медициналық және физикалық көрсеткіштердің нәтижелерін ескере отырып, ҰБТ балдарына сәйкес конкурсқа қатысу үшін ІІМ Алматы академиясына шақырылатынын атап өтті.

“Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы қатарында жедел әскери қызмет өткерген, үміткерлер үшін белгіленген талаптар бойынша шекті балл жинаған, ҰБТ нәтижелері бойынша 100 және одан жоғары балл жинаған тұлғалар, спорт шеберлері, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің балалары конкурссыз қабылданады”, -  деп атап өтті Әділ Тулмағанбетов.

Дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша үміткерлерді іріктеу келесі спорттық жаттығуларды орындау нәтижесінен жүргізіледі:

- 100 метрге жүгіру (ұлдар, қыздар);
- 1000 метрге жүгіру (кросс) (ұлдар, қыздар);
- турникке тартылу (ұлдар);
- 1 минут бойы шалқасынан жатып денені көтеру. (қыздар).

Оқуға түсу туралы толық ақпаратты ІІМ Академиясының сайтынан немесе +7-708-684-49-70 (WhatsApp), +7-775-930-55-88 (WhatsApp) телефондары арқылы білуге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқу #ішкі істер #білім #сынақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03

"Аяғымды кесіп тастауы мүмкін": Бетперде киген жігіт 15 жастағы қызға үй мен қаражат сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 16:42

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 16:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика